«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар ауданындағы «Атамекен» филиалының басшысы ауыл балаларын сыйлықтармен қуантты

2023 жылғы 06 Қаңтар
- Павлодар облысы
8240 просмотров

Жаңа жыл мерекесіне орай Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Павлодар ауданы филиалының басшысы Рахат Тұрлыбай Григорьев ауылдық округінің балаларына тәтті сыйлықтар мен жеміс-жидек тарту етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады! Кішкентай тұрғындарымызға үнемі қолдау және көмек көрсетіп отыруды жөн көрдім», - деп бөлісті Рахат Тұрлұбай.

Ол ауыл жастарына арналған бірқатар қайырымдылық акциялары мен игі істер атқаруда. Мәселен, Рахат Жаңа жыл мерекесіне орай Григорьев ауылдық округінің бүлдіршіндерін құттықтап, қуанышқа бөлеп, 100 қорап тәттілер мен жергілікті балабақшаға 38 ойыншық алып берді.

«Жаңа жылдың жүрегі - кішкентай мандариндер, үлкен шыршалар және баланың күлкісі! Аяз ата барлық жамандықты әкетіп, оның орнына қуаныш, қызық пен балалардың арманының орындалуын сыйласын», - деп толықтырды Рахат Тұрлыбай.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер