«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте ArtSport бойынша қарыз толығымен жабылды

2023 жылғы 05 Қаңтар
- Шымкент қаласы
16433 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы ArtSport жобасы аясында үшінші мегаполисте спорт секциялары мен үйірмелерін іске қосқан қызмет көрсетушілерден алғыс алып жатыр.. Кәсіпкерлер палатаға жүгінгеннен кейін бағдарлама бойынша қаржыландыру мәселесі шешімін тапқанын және қалалық әкімдік олармен қарыз бойынша есеп айырысқанын хабарлады.

Еске салсақ, 2022 жылдың күзінде бірден бірнеше кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, бірнеше айдан бері ArtSport бағдарламасына қатысатын орталықтарына қаржы бөлінбегенін айтты. Кәсіпкерлерге маусым айының соңында бағдарлама операторы – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасынан хаттар жолданды. Онда шілдеден бастап үйірмелердің қызметін қаржыландыруға қаражаттың болмауы туралы хабарланды. Бұл ретте келісімшарт іс жүзінде бұзылған жоқ.  Сондықтан жеткізушілер үйірмелер мен секциялардың жұмысына өз қаражаты мен несиелік қарыздарын сала отырып, жұмысын жалғастырды. Бірақ шілде мен тамыздағы жұмыс үшін ешқашандай төлем жүргізілген жоқ. Кәсіпкерлер мұның себебі оператордың бағдарламаны іске асыруға немқұрайлы қарауы деп санайды.

Қолданыстағы ваучерлерді қаржыландыруға қажет соманы алдын ала есептеп қоюдың орнына оператор вауферлерді оңды-солды таратқан. Осылайша өңірде 36 мың ваучер таратылған. Ал жоспарда 6 мың ваучер ғана көрсетілген еді. Бір жылдың бюджет үш ай ішінде таусылған.

Жеткізушілер ақпан айында операторға келіп, ваучерлер әлдеқайда көп берілгенін және қаржылық тапшылық болатынын ескертті. Бірақ олар шара қолдануға асықпады. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, сарқылған бюджет себебінен оператордың жаңа өтінімдерді қабылдамауға құқығы жоқ.

Шілде және тамызда кәсіпкерлер мұғалімдердің жұмысын, үй-жайларды жалдауды, салықтарды өздері төлеп, шығын материалдарын өз қаражаттарына сатып алды. Олардың көпшілігі бұл үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдардан несие алды. Төленбеген екі ай спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді ұйымдастырушылардың бюджетіне қатты әсер етті. Қыркүйекте олар тіпті қала әкімдігінің алдында митинг өткізіп, билік пен жұртшылықтың назарын қазіргі проблемаға аударуға тырысты. Бірақ бұл шара ештеңе бермеді. Содан кейін олар кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Палата заңгерлері мәселені Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің талқылауына шығарды. Сондай-ақ жеткізушілерге мәселені бизнес-омбудсменге айтуға мүмкіндік берді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде қала прокуратурасының әкімдікке көрсетілген қызметтерге ақы төлеу талабымен бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

 Өткен жылдың желтоқсанында кәсіпкерлер бағдарлама бойыншажаз айларына төлем ала бастады. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы Кәсіпкерлер палатасына 2022 жылғы шілде-тамызда қалыптасқан берешек бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде қарыздар толығымен өтелгені туралы хат жолдады. Жалпы сомасы 392, 941 млн теңгеге 172 қызмет көрсетушіге төлемдер жүргізілді.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер