«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола шаруалары субсидия мәселесін қайта көтерді

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Ақмола облысы
10906 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік кеңес жанындағы АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бұл АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің жаңартылған құрамдағы алғашқы жиыны. Кездесуге қатысушылар 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті, сондай-ақ Комитет төрағасы Қуаныш Рақышевті қайта сайлады.

Жиын барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары облыстық басқармасы басшысының орынбасары Ермеш Аленов порталда субсидиялаудың gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы АӨК субсидиялауға өтінімдерді электрон форматта қабылдау және өңдеу жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылуы туралы айтты.

Осы ретте кездесуге қатысушылар жүйенің анықталған кемшіліктерін көтерді. Айтап айтқанда: ауыспалы егіс жүйелерінің болмауы, әр алаңға жеке өтінім беру қажеттілігі, жер учаскелері, ауыл шаруашылығы алқаптарының бірегей нөмірлері, шот-фактураларға қатысты проблемалар, бекітілген НҚА-ның болмауы (мемлекеттік қызметтерді алу ережелері, бұйрықтары, стандарттары) және осы бағдарлама бойынша бірқатар кемшілік бар.

АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшесі Гүлмайра Баймақова ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін түсінікті шарттары бар қысқаша ақпараттық кітапшаны әзірлеу қажет деп санайды.

Сондай-ақ, күн тәртібіне өңірдің шаруаларын толғандыратын басқа да түйткілді мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, «Беке» шаруа қожалығының басшысы Қуанышбек Қуыраев өткен жылдан бастап тыңайтқыштарға субсидия ала алмайтынын айтып, субсидиялау мәселесін тағы да көтерді.

«Мен уәкілетті органның өкілдеріне жүгінгім келеді, кешіктірудің себептері қандай? Онда сіз мерзім өтті деп айтасыз, берде ақша игерілді дейсіз, сонда мен қайтемін? Осы жылы маған да тиісті субсидия төленбеді. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға келетін болсақ, несиелеу шартына сәйкес, несие бойынша 17%-дан мен қарыз алушы ретінде 6-7%-ды өзім төлеймін. Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы төлемнің бір бөлігін кеш жібереді. Осының нәтижесінде АКК маған өсімпұлды есептейді, ал жыл қорытындысы бойынша өсімпұл үшін артық төлем кестеге қарағанда 200-300 мыңға артық. Осыған байланысты несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды жоюды, оның орнына 5-6%-ды бен тікелей несие беруді ұсынамын», –деп ұсынды шаруа.

«Гормолзавод» ЖШС директоры Ерсайын Жақсылықов облыс және жер қатынастары ақпаратына сәйкес gosagro.kz порталындағы күту парағындағы өтінімдер 12 айдан аспайды, содан кейін олар автоматты түрде жойылатынын айтты.

«Биыл субсидиялар бойынша қажеттілік толық көлемде жабылмағанын, ал қаражат тапшылығы 20 млрд теңгеден асатынын ескерсек, онда осы жылдың күту тізімінде тұрған өтінімдері бойынша біз өзіміздің заңды субсидияларымызды алуға үлгереміз бе?», –деп сұрады Ерсайын Жақсылықов.

Комитет мүшесі Баян Сковородникова несие беру процесін автоматтандыру және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту қажет екенін атап өтіп, қарыз алушылардың ай сайынғы төлемдері уақтылы төленбейтінін айтты.

Пікірталас қорытындысы бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы министрлігіне gosagro.kz жүйесін жетілдіру бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша хат жолдайды деп шешілді.

«Бұдан басқа, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына түйткілді мәселелерді сүйемелдеуге алу және айтылған мәселелерді шешуге барынша жәрдем көрсету ұсынылды. Нәтижесі комитеттің келесі отырысында айтылады», – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер