2022 жылы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында 2 мыңнан астам кәсіпкер тегін қызмет алды
Жыл басынан бері Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2000-нан астам кәсіпкерге тегін сервистік қолдау көрсетті. Бұл туралы Палата директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.
Сервистік қолдау облыс орталықтары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде офлайн режимде Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің 19 орталығында (бұдан әрі-КҚКО) «офлайн» форматта және 189 КҚКО (аудандық деңгейде) қаржылық емес қолдау операторының G4B.kz веб-порталы арқылы үздіксіз және тегін негізде «онлайн» режимде жүзеге асырылады.
Құрал тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-процестерді қолдау бойынша 4 мамандандырылған қызмет көрсетуді қамтиды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ҰКП мынадай құралдар бойынша жұмысты үйлестіреді: бизнесті жүргізуді сервистік қолдау; моноқалалар, шағын қалалар және аудан орталықтарында бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттық қамтамасыз ету; іскерлік байланыс құралы.
Экономиканың барлық секторында жұмыс істейтін ШОБ субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты мамандандырылған қызметтердің мынадай түрлері ұсынылды; заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер; қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі қызметтер; маркетинг мәселелері жөніндегі қызметтер.
«Егер сіз кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер болсаңыз, онда кәсіпті бастау кезінде нишаны дұрыс анықтау, мүмкіндіктерді саралау, оңтайлы салық режимін таңдау өте маңызды. Біздің менеджерлер жеке кәсіпкерлік, ЖШС үшін оңтайлы салық режимін таңдауға көмектеседі. Мамандар салық есептілігін, бухгалтерияны түсінуге көмектеседі, өзекті сұрақтарға жауап береді», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Сондай-ақ, Ұлттық палата Азия даму банкімен бірлесіп әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған маңызды жобаны іске асырды. Алматыда Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жылдың 16 наурызында ашылды.
«Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚДБ ынтымақтастығы аясында ел бойынша 400-ден астам кәсіпкер әйел жергілікті консультанттардан консультациялық көмек алды. 2022 жылдың басында Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың Алматы орталығына 550-ден астам әйел жүгінді», – деді Өңірлік палата директоры Айтуар Кошмамбетов.
Спикер өңірлік палата қызметкерлері 2022 жылы мобилография курсы, маркетплейстер арқылы тауарларды сату бойынша шеберлік сабақтары, жеке брендті ілгерілету бойынша семинарларды өткізгенін айтты. Келер жылы кәсіпкерлерге арналған оқу және сервистік қызметтер пулы кеңейтілетінін айтты.
«Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылдан бастап бизнесті қаржылай емес қолдау шараларының операторы болып белгіленді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: