«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір жыл ішінде өңірлік палата қазақстандық тауардың шығу тегі туралы 15000 нан астам сертификат берді

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
5646 просмотров

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің бағыттарының бірі тауардың шығу тегі туралы сертификат беру болып табылады. Бұл функцияларды Палата 2015 жылдың 1 наурызынан бастап жүзеге асырады.
Сыртқы факторларға қарамастан, отандық өндірушілер қызметтің жаңа бағыттарын игеруді және тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды жалғастыруда. 
 2022 жылы экспорттық сертификат алуға өтінімдер саны артты.

"Өткен жылы 13 мыңнан астам сертификат ресімделіп, берілді, қазір 15 мыңнан астам сертификат берілді.СТ-KZ сертификаттары бойынша: 2021 жылы 760 сертификат ресімделді, ал 2022 жылдың соңында – 920-дан астам. Бұл біздің кәсіпорындар көбірек өнім шығара бастағанын және экспорт көлемін ұлғайғанын, сондай - ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі артқанын көрсетеді", - деп бөлісті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тауардың шығу тегі туралы сертификат - тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасы екенін куәландыратын құжат. Сертификаттардың әртүрлі формалары бар.
Мысалы, экспорттық нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар (СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, А, түпнұсқа) межелі елдегі тарифтік преференцияларды (кедендік баждарды азайту немесе босату), тарифтік емес реттеуді (тыйым салу, тауарды әкелуге/әкетуге шектеулер) алу үшін ресімделеді.
"СТ-KZ" нысанының сертификаты тауарларды еркін қоймалардан және еркін экономикалық аймақтардан әкету кезінде тауарларды сатып алуға қатысу үшін ішкі айналымға арналған.
2019 жылы сертификаттың жаңа нысаны енгізілді - Индустриялық сертификат-отандық өндірушінің мәртебесін куәландырады.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар беру процесі толығымен автоматтандырылған. Сертификат алуға электрондық өтінімді мына сайтта беруге болады: https://doc24.kz/.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер