«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде шағын және орта бизнес субъектілері арасында үздік салық төлеушілер анықталды

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
4587 просмотров

Шағын және орта бизнес арасында үздік салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар атап өтілді

Марапаттау Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарды Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Отызбай Адаев және «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Дана Бекбауова табыс етті.байқаудың негізгі мақсаты – экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін салық төлеушілердің жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, ашық және сауатты жүргізуді насихаттау, Қазақстанның экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін салық төлеушілердің қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.

Байқау жеңімпаздарына диплом табысталды.

 «Үздік салық төлеуші» дипломымен:

- «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі» номинациясында: «Бұлақ» шаруа қожалығы (Ақжол Дабылов);

- «Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі» номинациясында: жеке кәсіпкер Светлана Симоненко;

- «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша: «Жаңа шыңы» ЖШС (Руслан Вайсс);

- «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – байланыс және көлік» номинациясында: «Транскизметстрой» ЖШС (Магомед Мұсаев);

- «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – өндіріс» номинациясы бойынша: «Қашаған құрылыс бірлестігі» ЖШС (Сергей Своев);

- «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – сауда» номинациясында: «Фуд – Береке» ЖШС (Ирина Ким);

- «Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі» номинациясында: жеке кәсіпкер Аяжан Аманжолова;

- «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясында: «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС (Фарит Суфьянов);

- «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясында: «Восход Хром» ЖШС (Анвар Боранбаев)

«Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» дипломымен «Trade Marketing Solutions» ЖШС (Бақаева Бибігүл) марапатталды.

 Өз кезегінде ӨКП директоры Дана Бекбауова кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі  жоғары әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, салықтық тазалық, экологиялық талаптарды сақтау  сияқты маңызды қағидаттарды ұстанатын кәсіпкерлер үшін жағдай жасау екенні атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер