«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

2022 жылғы 26 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
9062 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ірі сауда үйлері мен базарлар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Бизнес өкілдеріне сертификатталмаған пиротехникалық құралдарды сатудың жауапкершілігі туралы ескертілді.

Шымкент қаласының төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев ірі сауда үйлерінде, базарларда және пиротехника сататын орындарда рейд басталғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ЦУМ, «Мега орталық», «Баян Сулу», «Магнум», «Фиркан», «Метро», Dimond Plaza, Rahima Plaza және басқа орындар да қаралады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

Кәсіпкерлерге заңсыз сауда жасауға және ашық дүңгіршектерде, көліктерде, шатырларда, өткелдерде пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынғаны, сондай-ақ тиісті лицензиялары мен рұқсаттары жоқ тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Пиротехникалық заттарды сатуға лицензия болмаған жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіпкерлерге айыппұл салу туралы әкімшілік істер қозғауы мүмкін.  Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп, сертификатталмаған пиротехникалық құралдар мен заңсыз айналымдағы заттарды алып қоюға құқылы.

«Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдана отырып сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, сауда, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 483-бабында жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 айлық есептік көрсеткіш және пиротехникалық заттарды қолдана отырып жасалған бұйымдар тәркіленеді», – деп ескертті Аманбек Бейсембаев.

Сондай-ақ ол былтыр Жаңа жылды мерекелеу кезінде Шымкент қаласы бойынша пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмегенін еске салды. Осы үрдіс биыл да сақталса дұрыс болатынының атап өтті.

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Дәулет Қошақовтың айтуынша, аталған кеңес Палата жанынан жұмыс істейтін Сауда және қызмет комитеті аясында өтті. Комитет мүшелері ­­­ ­­­­­­­­ қаланың базарлары мен сауда орталықтарының басшылары.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер