«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда Инновация және креативті индустрияны дамыту комитеті құрылды

2022 жылғы 23 Желтоқсан
6261 просмотров

Дереккөз: Кайрат Конысбаев

Бұл алаң ғылыми әлеуетті бизнес мүмкіндіктерімен біріктіреді.

Комитеттің бірінші отырысы мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым өкілдерімен өтті. Жаңа комитет инновациялық тәсілдер мен әзірлемелерді дамыту шеңберінде бизнес пен ғылымды интеграциялауға ықпал ететін болады.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев креативті индустрия саласы Қазақстанда, әсіресе Алматыда танымал болып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл саланы дамыту бізге жұмыспен қамту құрылымын өзгертуге, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға, экспорттық әлеуетті арттыруға және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі»,  – деді ол.

«Атамекен» ҰКП трансформациялау шеңберінде комитеттер құру және дамыту туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры, жиын модераторы Айтуар Қошмамбетов айтты. Спикер Комитет жұмысы бойынша презентацияны таныстырды.

Жұмыста төрт бағыт болады:

- инновация

- шығармашылық салалар

- IТ-бағыт

- инвестициялар

«Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры Әлібек Ашметов Алматының инновациялық бастамалар орталығы екенін айтты. Өңірлік бөліністе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған – 206 мың бірлік немесе бүкіл Қазақстан көрсеткішінің 14,4%. Елдің шағын және орта заңды тұлғаларының 27%-ы оңтүстік астанада жұмыс істейді.

«4 қарашада Алматы тұрғындарымен кездесуде Мемлекет басшысы қалада барлық инвестициялардың шамамен 70%-ы тек үш салаға – жылжымайтын мүлік, көлік және саудаға тиесілі екенін атап өтті. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға баса назар аудару қажет. Бизнес үшін инновацияларды енгізу оларды нарықта бәсекеге қабілетті етеді. Технология пайданы арттырады, бизнесті танымал етеді және халықтың өмірін жайлы етеді. Біз ғылыми әлеуетті қаланың бизнес мүмкіндіктерімен біріктіргіміз келеді», – деді Әлібек Ашметов.

Креативті индустрияға кино, музыка, графикалық дизайн саласындағы зияткерлік меншікке қатысты әзірлемелер кіреді. Қазір Алматыда инновация және креативті индустрия саласында 27 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді.

Бұған дейін Алматыда капиталдандыруы 10 млрд теңгені құрайтын венчурлық қор құрылатыны белгілі болды. Мемлекет басшысы қазірдің өзінде Қазақстанның креативті секторында 20 мыңнан астам компания жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың көпшілігі Алматыда шоғырланған.

«Венчурлық қор құрылды. Қор аясында шамамен 10 млрд теңге бөлінеді. Оның 5 млрд теңгесі мемлекеттен, тағы 5 млрд теңгесі жеке инвестициялардан тартылады. Кеше ғана креативті индустрия саласына гранттарға 500 млн теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл комитет жұмысының алғашқы қадамы деп санауға болады. Бұл гранттар талантты және креативті адамдарға дейін жетеді деп үміттенеміз. Комитет мемлекеттік деңгейде де, халықаралық ұйымдар арасында да инновациялық ғылыми әзірлемелер мен оларды қаржыландыру көздерін іздейтін болады», – деп толықтырды Айтуар Кошмамбетов.

«Ғылым қоры» АҚ өкілдері, Алматы және бизнес жоғары оқу орындарының басшылары Комитеттің жұмысын қолдады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы инновациялар мен креативті индустрияларды, оның ішінде дүниежүзілік даму ұйымдарын мемлекеттік және жеке қолдаудың барлық шарасы бойынша бірыңғай ақпарат базасын құруды жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, өңір бойынша осы саланы дамыту үшін бағдарлама құру ұсынылды.

Жиынға қатысушылар өзара іс-қимылдың техникалық мәселелерін, инновация және креативті индустрияны дамыту комитетінің өңірлік мәселелерін талқылады. Гранттық қаржыландыру үшін ғылыми әзірлемелерді іріктеу критерийлері бойынша ұсыныстар айтылды. Қаржыландыру процесі комитеттің келесі отырысында егжей-тегжейлі талқыланады. Комитет оңтүстік астананың жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Ұлттық палатаны трансформациялау шеңберінде ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, бүкіл ел бойынша салалық комитеттер құрылады. Мақсаты бизнестен, процеске қатысушылардан, салаларды дамыту бағдарламаларынан салалық сараптаманы күшейту. Сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелерді ілгерілетуге, жаңа, инновациялық кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға көмектесу.

Комитеттер құрудың бұл бастамасы ҰКП-ның Х съезінде қолдау тапты. Бүгін Алматыда ӨКП базасында екінші салалық комитет өз жұмысын бастады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер