Алматы облысында «Үздік салық төлеушілер» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушылары» марапатталды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін салық төлеушілердің жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, ашық және сауатты жүргізуді насихаттау, Қазақстанның экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін салық төлеушілердің қызметіне қоғамның назарын аудару.
Бюджетке салықтар мен әлеуметтік төлемдердің түсуі, салықтық берешектің болмауы, салықтық есептіліктің уақтылы ұсынылуы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың болмауы, орындалмаған хабарламалардың болмауы – лауреаттарды іріктеуде басты критерий болды.
Алматы облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қуандық Чункунов жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарды табыстады.
«Қазіргі кезде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жоғары әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, салықтық тазалық, экологиялық талаптарды сақтау сияқты маңызды қағидаттар ұстанатын кәсіпкерлердің жаңа толқынының пайда болуы үшін жағдай жасау. Кәсіпкерлер бүгінгі байқаудың осы параметрлеріне сәйкес келеді және басқаларға үлгі болып отыр», – деді Қуандық Чункунов.
Байқау жеңімпаздары: «Джей Ти Ай ЖШС», «Компания Фудмастер-Трейд» ЖШС, «АЗИЯАГРОФУД» АҚ, «Kaz Drilling Technology» ЖШС, «Первомайские пруды» ЖШС, «ASTANA-KAZRESURS» ЖШС, «Торе-М ЛИМИТЕД» ЖШС, «Балабеков» ЖК, «Дохов Амурбек Жамалдинович» ЖК.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: