«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда ұрланған телефондардың электрон тізілімі іске қосылды

2022 жылғы 12 Желтоқсан
- Алматы қаласы
13765 просмотров

Дереккөз: pedsovet.org

Электрон тізілім сатушыларға қолдан сатып алынған гаджеттің ұрланбағанын тексеруге мүмкіндік береді.

Алматыда ұрланған телефондардың алғашқы тізілімі іске қосылды. Оны қаланың прокуратурасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әзірледі. Мамандар жобаны мегаполистегі сауда үйлерінің бірінің кәсіпкерлерімен кездесуде таныстырды.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері қалада телефон, smartwatch, ноутбук және басқа да гаджеттерді ұрлау оқиғалары жиілеп кеткен. Қала бойынша барлығы 15 мыңға жуық жымқыру тіркелген. Бұл смартфондарды қолдан сатып алатын кәсіпкерлерге де әсер етеді. Кәсіпкерлер мен сатып алушыларды заңсыз мәмілелерден қорғау үшін прокуратура мен Палата мамандары онлайн-база құрды.

«Электрон тізілім күмәнді тауарды анықтауға көмектеседі. Егер телефон деректері онлайн-базада терілсе және ол ұрланған болса, барлық дерек автоматты түрде тізілімде сақталады. Бұл кәсіпкерлер мен сатып алушыларды қорғаудың пәрменді механизмі. Енді кәсіпкерлер пайдаланылған гаджеттерді сатып алу кезінде тәуекелге бармайды», – деді Алматы ӨКП Алмалы аудандық филиалының директоры Темірлан Мәдиев.  

Сатып алынған гаджеттің ұрланбағанын білу үшін urlangan.kz сайтында IMEI кодын енгізу керек. Егер телефон таза болса, оны алансыз сатып алуға болады, егер ол ұрланған болса, дереу прокуратураға хабарласу керек.

«Қазіргі кезде сайт ұрланған телефондар, техника сатуды азайтады. Енді кез келген тұрғын біздің веб-сайт арқылы телефонның ұрланғанын, іздеуде жүргенін тексере алады. Бұл бизнес өкілдеріне де ыңғайлы. Тіпті әлеуметтік желі арқылы сатып алатын азаматтарымыз да тексере алады. Ресми түрде бұл сайт жұмыс істеп тұр», – деді қалалық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Жиделбай.

Бұл дерекқорда 100 мыңнан астам электронды жабдықтың сериялық нөмірлері бар. Мұнда ұялы телефондар, смарт сағаттар, планшеттер, ноутбуктер, теледидарлар бар. Осы тізілімге полицияның ресми органдарына бұрын арызданғандардың барлығы туралы деректер тіркелген.

Сатушылар жаңа жоба ұрланған телефондардың сатылуын айтарлықтай төмендететініне сенімді. Азаматтар жоғалған гаджет бойынша өз сұрауларын қалдыра алатын «Телефон іздеу» батырманы қосуды ұсынды.

«Кәсіпкерлер – мегаполистің маңызды құрамдас бөлігі. Палатаның міндеті – бизнеске жан-жақты қолдау көрсету. Біз бизнес ортаға пайдалы болу үшін үнемі жұмыс істейміз. Мемлекеттік органдармен мұндай бірлескен жобалар тиімді және жаңа жобаларға ынталандырады», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.

Еске салсақ, тізілім құру идеясын прокуратура мен Алматы кәсіпкерлер палатасының өкілдері қазанның соңында жариялады. Бірлескен күш-жігермен бүтін база құрылды. Енді жоба әзірлеушілер азаматтардың бір сайтты пайдаланып, сатып алған гаджетін тексере алуы үшін тізілімді бүкіл ел бойынша таратуды жоспарлап отыр


Еншілес ұйымдар

Серіктестер