«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда сауда әлемінің XVI халықаралық конвенті өтті

2022 жылғы 09 Желтоқсан
2157 просмотров

Оңтүстік астанада сауда әлемінің 16-шы халықаралық конвенті – бөлшек саудагерлер, өндірушілер мен жеткізушілердің басты жыл сайынғы кездесуі өтті. Бір алаңда бөлшек сауда саласындағы жетекші сарапшылар, түрлі елдің ірі сауда желі өкілдері, өндірушілер мен билік өкілдері жиналып, халықаралық сауданың өзекті мәселелері, стратегиялық серіктестер табу және дүкен сөрелерін жаңа тауарлармен қамтамасыз етуді талқылады.

Конвентке Қазақстан, Ресей, Беларусь және Иран өндірушілері, сондай-ақ 50-ден астам сауда желілінің өкілдері жиналды. Үш күндік іскерлік бағдарлама шеңберінде пленарлық отырыстар, сараптамалық баяндамалар, презентациялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып мынадай тақырыптық блоктар өтті:  

Сатып алу орталығы – жетекші сауда желілері менеджменті мен жеткізушілер арасындағы онлайн және офлайн келіссөздер.

Шара ұйымдастырушы Елена Сарғалдакованың айтуынша, съездің басты мақсаты – тікелей келіссөздер үшін қолайлы алаң құру. Осы мәселені шешу үшін шара аясында 9 жыл қатарынна Сатып алу орталығы жұмсы істейді. Оның аясында келіссөздер онлайн және офлайн форматта өтеді.

Онлайн келіссөздер жыл өткен сайын өзінің тіимділігін дәлелдеп келеді. Сауда желілерінің максималды санымен кездесуді мақсат еткен түрлі елдердің өндірушілері өз тауарларын ұсына алады және екі күндік конвентте бөлшек саудагерлерді қашықтықтан қызықтыра алады.

Дәстүрлі форматтағы көрме және гипермаркет форматындағы көрме сатып алушыларға өз өнімдерін көрсетудің ең тиімді әдісі.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай формат сатып алушыларға қандай да бір тауар сөреде қалай көрінетінін бағалауға, оларға өнім қаптамасының дизайнын және жалпы ассортиментті таныстыруға мүмкіндік береді. Сатып алушылардың назары тек өнім мен өндірушіге бағытталған болады.

Еуразиялық сауад конгресі – сауда саласындағы жоғары билік органдарының басшылары, жетекші сауда желілерінің өкілдері, өндірушілер, жеткізушілер және сауда саласындағы үздік сарапшылардың кезедсуіне арналған алаң.

Сауда әлемі 16-шы халықаралық конвенциясының күн тәртібінде геосаяси проблемалар мен жоғары инфляцияны ескере отырып, саланың жетекші ойыншыларының өткен жылына қорытынды жасалып, 2023 жылға жоспар құрылды.

Еуразиялық сауда Конгресінің ашылуында сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев сөз сөйлеп, Қазақстандағы өркениетті сауданың жағдайы туралы айтты.

«Қазіргі кезде тауар айналымын арттыруда өнімнің кең ассортиментін ұсынаа алатын және белгілі бір тауарды төмен бағамен сатып алуға болатын түрлі акциялар өткізетін заманауи сауда форматтары басты рөл атқарады. Сонымен қатар, сауда желісінің әрбір субъекті сатып алушыға үлкен сауда залдарын, жоғары сапа мен қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету арқылы жақсы жағдай жасауға тырысады. Қазір Қазақстандағы замануи сауда форматтарының үлесі барлық бөлшек сауданың 31%-на жетті», – деп атап өтті вице-министр.

Шараға билік өкілдерінің қатысуы ритейлерлерге нарықтың өзекті мәселелерін көтеруге, жағдай бойынша пікір блідіруге және қазіргі ахуалда сауда саласын жақсарту бойынша ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді.

Осылайша, Конвенцияда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен адал жолмен жүргізілген практикалар кодексін құру туралы дөңгелек үстел өтті. Бұл кодекс заңнамалық араласусыз және тұтынушылардың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, азық-түлік тауарларын жеткізушілер мен сауда желілері арасында салауатты қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Кодек Еуропалық одақтың тәжірибесіне негізделді. Одақ заңнамалық деңгейде 2019 жылы 16 жосықсыз практиканы қабылдады, соның ішінде онына қатаң тыйым салынады, ал алты практика шектеледі.

«Жыл сайынғы сауда әлемі конвенті «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтетінін айтқым келеді. Ұлттық палата осы шараның негізгі және тұрақты серіктесі. Кодекстің жобасы қазіргі редакцияда сауда желілері үшін тең емес жағдай тудырады. Сондай-ақ сауда желілері мен өндірушілер арасындағы келіссөздер күшін теңестіруге бағытталмаған деп есептейміз. Бұдан басқа, кодекс нормалары делдалдар санын жоюды немесе азайтуды көздемейді, үстемеақы шегін реттемейді және отандық өндіріс тауарларына басымдық бермейді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Сауда департаментінің директоры Әсет Айтбаев.

 ҰКП өкілінің айтуынша, сауда желілерінің бастамасы бойынша ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілерін мемлекеттік қолдау механимздері арқылы, оның ішінде кепілдік беру құралдары арқылы қолдау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

«Мұндай бастама сауда желілері мен өндірушілер арасындағы қарым-қатынастардың тиімділігін арттырады, жеткізілім тізбегі бойынша шығындарды оңтайландырады, сондай-ақ сатып алушылардың сапалы азық-түлік тауарларына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі. Жалпы, сауда министрлігімен сауда желілері мен өндірушілердің қатысуымен кодекстің жобасын қайта талқылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Ұлттық палатадан бизнес тарапынан ескертулер мен ұсыныстарды назарға алып, Кодестің қорытынды редакциясына ресми жауап жіберілетін болады», – деді Әсет Айтбаев.

Конгрессте әлемдегі геосаяси жағдайдың тауар ағындарын трансформациялауға әсері көтерілді, саланы қолдаудың қажетті шаралары, сауданың әртүрлі форматтарын дамыту және жаңа нарықтарға шығу мәселелері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі логистикалық ахуал талқыланды.

Infoline ақпараттық агенттігінің (Ресей) негізін қалаушы және бас директоры Иван Федяков конвент барсында инфляция мен геосаяси қиындықтарға қарамастан, бөлшек сауда айналымы Орта Азия нарықтарында өсіп жатқанына айтты. Мәселен, Өзбекстанда бөлшек сауда айналымының 11,2%-ға, ал Қазақстанда 1,2%-ға өсуі байқалады. Ресейде, керісінше, көрсеткіш 2022 жылдың ақпанынан бастап 9,8%-ға төмендеді.

Келесі конвент 2023 жылдың бірінші жартысында Ташкент пен Алматыда өтеді. Сауда әлемі конвентін EXIM EXPO бөлшек сауда индустриясының іскерлік іс-шараларының халықаралық операторы ұйымдастырды. Шара ҚР сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы, сауда-өнеркәсіп палаталары, салалық қауымдастықтар мен түрлі елдердің бірлестіктерінің қатысуымен өтіп жатыр. Сауда әлемі конвенті жабық және коммерциялық шара. қатысушыларды тіркеу https://eximexpo.kz/ сайты арқылы. Ұйымдастырушы комитетінің байланыс телефоны: Mob/WhatsApp/Telegram +7 777 125 11 11, info@eximexpo.kz   

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер