«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

AlmaU жанынан Отбасылық бизнес орталығы ашылды

2022 жылғы 30 Қараша
- Алматы қаласы
9401 просмотров

Дереккөз: AlmaU

Қазақстанның отбасылық бизнес қауымдастығы AlmaU-мен, Алматы қаласының әкімдігі және «Атамекен» ҰКП-мен, «Qaynar Bulaq Partners Hub» қалалық кеңістігімен бірлесіп, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қолдауымен Отбасылық бизнес форумын өткізді.

Отбасылық компаниялар әр елдің экономикасында ерекше орын алады. Олар жұмыс орындары мен жалпы ішкі өнімді көбейтуге атсалысады. Әлемдегі ең табысты еуропалық компаниялардың шамамен 85%-ы отбасылық бизнеске тиесілі. Өз ісіне деген сүйіспеншілік – мұндай компаниялардың мықты тұсы. 

Форум аясында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов, ҚР Отбасылық бизнес қауымдастығы кеңесінің төрағасы Исакова Яна және AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева Қазақстандағы тұңғыш Отбасылық Бизнес Орталығын ашу туралы келісімге қол қойды.

Әлеуметтік кәсіпкер, «Smartbalaqai» жобасының авторы Зухра Құсайынова осы идея туралы айтты.

«Біз балаларға арналған интеллектуалды карталарды жасаймыз. Бұл идея маған ерекше баламның арқасында келді. Бойымдағы қабілеттерді одан әрі аша түсуге жақсы мүмкіндік болды. Енді мен баламды оңалтумен қатар сүйікті ісімді алып жүре аламын. «Smartbalaqai» жобасының сайты және өз әлеуметтік желісі бар», – деді кәсіпкер.

Жақында жоба мемлекеттік грант иегері атанды. Соның арқасында кәсіпкер идеясын жүзеге асыра алды. «Smartbalaqai» оңалту орталықтары, балабақшалар, кеңсе тауарлары мен кітап дүкендері арасында сұранысқа ие. Карталар мектеп жасына дейінгі ерекше және дені сау балаларға арналған. Ерекше баланың дені сау баладан айырмашылығы ақпаратты баяу қабылдайды. Карталар интеллектуалдық дамуға, сөздік қорын толықтыруға және баланың сөйлеуін жақсартуға  көмектеседі.

«Қазіргі уақытта нарықта бәсекелес жоқ. Басқалары балаларға арналған карталарды орыс тілінде шығарады. Біздің жоба тек қазақ тілінде жүзеге асады. Енді карталарды Қазақстанның 5 қаласында сатпақшымыз. Мен үшін форумдарға бару – жаңа мүмкіндік. Іскер адам үшін мұндай орта аса қажет. Себебі өзге кәсіпкерлермен қарым-қатынас, таныстық нәтижесінде жаңа ақпарат пен жаңа тұтынушылар әкеледі. Сондай-ақ инвесторларды тартуға мүмкіндік бар. Мен өз жобамның ауқымын одан әрі кеңейткім келеді», – деді Зухра Құсайынова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер