«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СЭҚ тұмаудың алдын алу шараларын еске салады

2022 жылғы 22 Қараша
- Алматы қаласы
5607 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Жетісу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен тұмаудың алдын алу және қызметкерлерге вакцина  тақырыбында кәсіпкерлердің кездесуі өтті.

БАҚ көздеріндегі ресми деректер бойынша Алматыда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану көрсеткіші жоғары. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 6 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін қалада тұмаумен сырқаттану көрсеткішінің өсуі байқалғанын хабарлады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмауға және уақытында вакцина салдыруға шақырды.

«Ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болуыңызды сұраймыз, Мысалы – түшкіру немесе жөтелу белгілері болса, адамға жақындамаған жөн. Әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін қолды мұқият жуып, антисептиктерді қолдануды ұмытпаңыз. Жұмыс берушілерден қызметкерлер жұмыс істейтін орынжайларды желдетуді сұраймыз. Үйде ылғалды тазалауды үнемі жасап, санитайзерлерді қолдану керек. Сондай-ақ, суық белгілері бар қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс режиміне жіберген жөн», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкері Айгерім Ибадулла.

Алматы қаласы ӨКП Жетісу филиалының директоры Нұрбике Рахимова Жетісу ауданы кәсіпорындарының ерекшеліктері туралы айтты.

«Алматы қаласының Жетісу ауданы – қаланың өнеркәсіптік бөлігі. Мұнда жұмысшы саны көп өндірістік кәсіпорындар шоғырланған. Бизнес өкілдерімен мұндай кездесулер өте маңызды, онда СЭҚ жаңа қаулылар, тұмаудың алдын алу ережелері туралы айтады. Біз үшін қаланың іскерлік ахуалынан бөлек қолайлы еңбек жағдайы да маңыздыә,  – деп атап өтті Нұрбике Рахимова.

Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмауға және уақытында вакцина салдыруға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер