«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Райымбек Баталов инвестициялық тартымдылықты арттыруға қажет бағыттарды атады

2022 жылғы 16 Қараша
7670 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Райымбек Баталов елордада өткен Стратегиялық бастамалар форумында инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін дамыту қажет бағыттарды атады.

 Ұлттық палатаның басқарма төрағасының пікірінше, сот және салық реформалары –инвестициялық тартымдылықты дамытудағы негізгі екі тірек.

 «Салық реформасы – ең алдымен, болжам жасай алу.  Мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен инвесторлар жоспарлай алуы керек екенін айтты. Екінші маңызды мәселе – салықтық әкімшілендіру. Өңірлер мен салалардың дамуы туралы айтамыз, бірақ егер біз ескі деректер базасында жұмыс істейтін болсақ, ілгерілеу екіталай», – деп атап өтті спикер.

 Райымбек Баталов мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру мәселесіне тоқталды. Спикердің пікірінше, экономиканы әртараптандыруға, өңірлер мен салаларды дамытуға байланысты проблемаларды шешу үшін жеткілікті ұлттық жобалар мен бағдарламалар әзірленді. Бірақ оларды іске асыру қиын процесс.

«Іске асыру тұрғысынан осы нақты мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде кенжелеу бар. Бұған назар аудару керек», – деді спикер.

 Ұлттық палата басшысы өңірлік кәсіпкерлік туралы айта отырып,  ерекшелігі мен даму жөніндегі өз бағдарламалары бар шағын және микробизнеске жағдай жасалуына назар аударды. Бизнесті қорғау мәселесі – өңірлердегі бөлек тақырып. Райымбек Баталов кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі экожүйе болмасакез келген инвестициялық ахуал жұмыс істемейтінін атап өтті.

«Екінші тақырып – жалпы салалық даму. ҰКП үкіметпен жұмыс істеу тәсілдерін өзгертіп жатыр. Біздің басты міндетіміз – мемлекеттік органдарда салалық сараптаманы шоғырландыру. Біз мемлекетке салаларды инвестициялық тартымды ету үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруде көмектесе аламыз», – деп атап өтті Ұлттық палата басшысы.

Спикердің пікірінше, іске асыруға мүдделі тараптардың барлығы бірыңғай көрсеткіштерді басшылыққа алуы үшін нақты индикаторлар мен бақылау механизмдері қажет.

 Райымбек Баталов инвестициялық тартымдылықты арттыруға қажет бағыттарды атады

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер