«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық сүт саласының дамуына не кедергі? Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидиялау әдістерін сынға алды

2022 жылғы 16 Қараша
7299 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Үкімет, дәлірек айтсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі бізді естімейді. Өкінішті. Одан қалса, пандемия мен әлемдік экономика дағдарысының зардаптарын әлі жоя алмай келе жатқан сүт саласының келешегі бұлыңғыр. Мұндай пікірді «Қазақстанның сүт одағы» ЗТБ директоры Владимир Кожевников білдірді. Сала өкілі өндірілген өнімге емес, сатылған өнімге субсидия беру тиімсіз әдіс деп санайды.

 Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы үкіметтің баса назарында. Бұл сала жұмыс орындары мен өндірісті ғана емес, бірінші кезекте елдің тәуелсіз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кеңес уақытында Қазақстан азық-түлікті ішкі нарыққа да, сыртқа да жеткізуші елдің бірі болған.

 Мемлекеттің көмегі қандай?

Қазіргі кезде сүт өңдеу кәсіпорындарына заңнамада және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларында көзделген тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Дәл осы қолдау саланың дамуына ықпал етті, мысалы, 2021 жылы отандық өндіріс есебінен сары май бойынша қамтамасыз ету 97,7%-ды құрады, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 81,5% деңгейінде болды.

 «Алайда, субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын жиі қайта қараудың қалыптасқан тәжірибесі кәсіпорындардың қызметіне де, өндіріске тиісті инвестицияларды салуға да теріс әсер етеді. Бизнес  ертеңгі күнге сенімсіз, бағдарланбаған, мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайын ескере отырып, ұзақ мерзімді даму жоспарын құра алмайды», – деп атап өтті Владимир Кожевников.

Мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарау қалай талқыланып жатыр?

Сарапшының айтуынша, сала өкілдері ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарау жөніндегі жұмыс топтарына бір жыл бойы қатысты.

 «Ұсынылған өзгерістер сүт саласының, соның ішінде  сүт өңдеудің одан әрі дамуына тікелей әсер етеді. Біздің пікірімізше, терең өңделген өнім өндіру үшін сатып алынған шикізат құнын субсидиялауды қайта қарауға ұсынылған өзгерістер бизнестің пікірін ескермей, тиісті талдау жүргізбей ұсынылған. Мәселе Сүт одағының мүшелерімен талқыланбады, одақтың құрамында Қазақстан сүт өнімдерінің 70 пайызын қамтамасыз ететін 42 кәсіпорын бар.  Ал одаққа кірмеген кәсіпорындар субсидиялаудағы ықтимал өзгерістер туралы тіпті бейхабар», – деді спикер.  

Мәселенің мәні...

Енді субсидияны өндірілген өнімге емес, сатылған өнімге беру жоспарланған. Мұның салдары қандай болады? Демек, сүт өнімдері қымбаттап, қайта өңдеушілер шикізатсыз қалады, деп түсіндірді Владимир Кожевников...

«Қазақстанда сүтті табынның 71%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталады. Олар күзгі-қысқы кезеңде сүтті қайта өңдеуге беруді тоқтатады.  Осыған байланысты сүт өңдеу кәсіпорындары осы уақытта шикізат тапшылығының туындау қаупін түсініп, жазда сүт өнімдерін өндіру үшін болашақ шикізат ретінде сары май қорын дайындайды. Енді сатылған майға ғана субсидия беру шешімі сүт өңдеу кәсіпорындарын май өндіру үшін артық жазғы сүтті сатып алу мүмкіндігінен айырады. Қайта өңдеушілерде жазда сары майға сатып алу сұранысының төмендеуіне байланысты артық сүт шикізатын маусымда сатып алуға қаржылық мүмкіндігі болмайды», – деп түсіндірді спикер.

Бұған қоса шикізатқа баға ұдайы өсіп келеді. Мысалы соңғы екі жылда сүт-шикізатының бағасы 61%-ға өскен (бір келсіне 12,6 теңгеден 204,2 теңгеге дейін). Сәйкесінше, сары майдың шикізаттық өзіндік құны 45,5%-ға   өскен (бір келісіне 1 628 теңгеден 2 368 теңгеге дейін. ШҚО мәліметтері бойынша). Толық өзіндік құнның өсімі бұдан да жоғары.  

Бизнес-қоғамдастықтың ұсынысы қандай?

Спикердің айтуынша, өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт өңдеу кәсіпорындары тарапынан жалған фактілердің болмауына қарамастан сүт саласын қолдау тәсілдерін таңдағанда, субсидиялау кезінде кез келген сыбайлас жемқорлық және қаржылық тәуекелдерді болдырмау қажеттілігі туралы бақылаушы органдардан алған ескертулерді бірінші орынға қойды.

 «Ауыл шаруашылығы министрілігі субсидиялаудың басты мақсаты – май өндірісін ұлғайтуды ынталандыру, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дүкен сөрелерінде ғана емес, сонымен қатар сүт өнімдерінің көптеген түрін өндіруге арналған шикізаттың болуы екенін ұмытты. Ол үшін біз субсидиялау ережелерін өзгертпей, бақылау механизмдерін жетілдіруді ұсындық», – деді спикер.

 Нәтижесінде кәсіпкерлер сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою қажеттілігімен келіседі, бірақ қолда бар фактілерді ескеруді сұрайды.

«Үкімет, дәлірек айтсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі бізді естімейді. Өкінішті. Одан қалса, пандемия мен әлемдік экономика дағдарысының зардаптарын әлі жоя алмай келе жатқан сүт саласының келешегі бұлыңғыр», – Владимир Кожевников.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер