«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге тамақтанудан уланудың алдын алу түсіндірілді

2022 жылғы 14 Қараша
- Түркістан облысы
5819 просмотров

Түркістан облысында тамақтан уланған жағдайлар көбейді. Осыған байланысты кәсіпкерлер палатасының алаңында  Сауда және қызмет көрсету комитетінің кезекті отырысы өтті.

Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, 2021 жылдан бүгінгі таңға дейін ірі кәсіпкерлік нысандарына ерекше тәртіппен 1 нысан тексеріліп,  әкімшілік құқықбұзушылық туралы айыппұл салынған. Жоспардан тыс 34 нысан тексерілді. Шамамен 2,3 млн теңгеден аса 41 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілген.

Улану салдарынан мекемелерге айыппұл салыну себебін Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыс түсіндірді.

«Тамақтандыру орындарынан шығатын тамақ қалдықтары мен қоқыстың уақытылы шығарылмауына байланысты салынатын айыппұлдар бар», – деп атап өтті Әзірет Ыдырыс.

Басқарманың бас маманы Кәмшат Оразымбетова 2022 жылдың 6-9 қазан аралығында қалада қоғамдық тамақтану орынында 168 адам тамақтан уланғанын атап өтті.

Жиын соңында кәсіпкерлерге аймақтағы тамақтану орындары мен тамақ өнімдерін сатушы сауда орындарына қойылатын техникалық талаптар түсіндірілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер