Кәсіпкерлер «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алудың жаңа моделі туралы кеңес ала алады
Енді кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП филиалдары мен өкілдіктерінде Қордағы сатып алудың жаңа моделі, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ импортты алмастыру бағдарламасы бойынша кеңес ала алады.
Осы жылдың 30 қыркүйегі мен 28 қазаны аралығында Ұлттық палатада бейне-конференц байланыс форматында кәсіпкерлер палаталары мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері сатып алудың жаңа моделі, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы тетіктері, импортты алмастыру бағдарламасы, Қордың тауар өндірушілерінің тізіліміне енгізу, алдын ала біліктілік іріктеуінен өту, кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді енгізу, Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын енгізу, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесіндегі жұмыс туралы курс оқыды.
«Семинарлар аясында республиканың түкпір-түкпірінен бірыңғай сатып алу операторы 43 қызметкерді оқытты. Бүгінгі таңда бұл қызметкерлер өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан, олардың өкілдіктерінен, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларына қатысқан кезде бизнес субъектілеріне кеңес беруге даяр. Енді кәсіпкерлер сатып алуға қатысты көмек керек болса, палата жүгіне алады», – деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.
Еске салайық, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Атамекен» ҰКП өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының 3 өңірі (Маңғыстау, Абай, Алматы қ.) бойынша бизнес өкілдері үшін бірқатар конференция өтті. Сондай-ақ, мұндай конференцияларды еліміздің басқа өңірлерінде өткізу жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: