Красноярск өлкесінің губернаторы қазақстандық кәсіпкерлерге ынтымақтастық салаларын ұсынды
Райымбек Баталов Ұлттық палата алаңында Красноярск өлкесінің губернаторы Александром Усс бастаған делегациямен кездесті
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
«Өңірдің басшылығы жергілікті бизнесті дамыту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқан кезде, кәсіпкерлер мұндай қолдауды бірден сезінеді. Қазақстандық бизнес пен сіздің өңіріңіздегі кәсіпкерлердің бірлескен жобаларды іске асыру үшін көп мүмкіндік бар. Бірнеше бағытқа назар аудара отырып, елдеріміздің кәсіпкерлері іскерлік қарым-қатынас орнатып, ортақ жобаларды бастайтынына сенімдімін», – деп атап өтті кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.
ҰКП басшысы делегация мүшелеріне Ұлттық палата және өңірлік палаталар, сондай-ақ салалық комитеттердің қызметі туралы баяндады.
Делегация өкілі өлкенің дамуы туралы айтты. Соның ішінде экономиканың жүйе құраушы секторларына тоқталып, қазақстандық кәсіпкерлерді алюминийді қайта өңдеу, ағаш өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы саласында ынтымақтасуға шақырды. Сондай-ақ, өңірде машина жасау және металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, химия салаларында елеулі әзірлемелер бар.
«Өкінішке қарай Красноярск өлкесі үшін ірі кәсіпорындар негізгі салық төлеушілер және бюджетті қалыптастырушы болғаны қалыпты. Өңірле ШОБ-ты қолдау нәтижесінде белсенді, таланатты адамдар жүйе жолға қойылған ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. Біз үшін ШОБ-ты дамыту маңызды міндет. Сондықтан сіздермен ынтымақтастықта да осы бағытты ілгерілеткіміз келеді», – деді Александр Усс.
Өңір басшысы «Енисейская Сибирь» ұйымының жобаларына тоқталды. Бұл жобалар өңірде жаңа инфрақұрылым мен өндірістерді құруға бағытталған.
Делегация мүшелері ет өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер, ағаш өңдеу жабдықтары, көкөністер мен жемістерді импорттауға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Қазақстанға дәнді дақылдар, ұн өнімдері, жабайы өсімдіктер, сондай-ақ ағаш өңдеу өнімдерін экспорттауға және ауыл шаруашылығын дамытуда тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.
Шара соңында қатысушылар тараптар арасындағы тікелей байланысты орнату үшін кәчіпорынлар жедел түрде тізімін жинау туралы уағдаласты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: