«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Башқұртстан кәсіпкерлері жабдықты Атырау зауыттарынан импорттауды жоспарлап отыр

2022 жылғы 09 Қараша
- Атырау облысы
8417 просмотров

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Башқұртстан Республикасының бизнес-делегациясымен кездесу барысында белгілі болды.

Делегация құрамында «ОЙЛТИМ компаниясы» ЖШҚ бас директоры, құрылтайшысы Владимир Лавров, «ОЙЛТИМ компаниясы» ЖШҚ даму жөніндегі директоры Радик Халитов және Башқұртстан Республикасының ҚР-дағы «Конгресс-бюро» АҚ өкілі Орал Азнабаев бар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Сүйінбаев бұл кездесу жергілікті және Башқұртстанның іскер топтары үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Башқұртстан Республикасының бизнес-делегациясымен кездесу барысында белгілі болды.

 Шара барысында «Оилтим» компаниясының «кен орынды мобильді жайғастыру» тақырыбында таныстырылым көрсетілді. Онда компания туралы ақпарат айтылып, кен орындарын игеру кезінде туындауы мүмкін проблемалар, мұнай және газ өнеркәсібінде мобильді жабдықты қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді.

 «Басқа компанияларға қарағанда біз қызмет көрсету мерзімдері тұрғысынан ұтамыз. Біз кез келген кен орнын 2-3 ай ішінде толығымен жабдықтай аламыз. Біздің бай тәжірибеміз бар. Бұдан басқа ынтымақтастықты алғашқы аванссыз да қарастыра аламыз», – деп атап өтті Радик Халитов.

Компания өкілдері олар қызметтерді ұсынуды ғана емес, сонымен қатар тапсырыстарды жергілікті кәсіпорындарға орналастыру нұсқаларын қарастыруды жоспарлап отыр. Мысалы, «АтырауМұнаймаш» зауытына барып, олар кәсіпорынның ауқымы мен мүмкіндіктеріне тәнті болды. Жақын арада компания өкілдері қажетті жабдыққа тапсырыс беру үшін зауытқа қайта келуді жоспарлап отыр. Башқұртстан кәсіпкерлері ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер