«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата және Жоғарғы сот өкілдері сот жүйесін реформалауды талқылады

2022 жылғы 08 Қараша
8955 просмотров

 «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов бүгін Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановпен кездесті. Онда сот жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі қадамдардың барысы мен іске асырылуы талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Жоғарғы Соттың сот жүйесін сапалы қайта жүктеу, оны заман талабына сай жаңарту бойынша жүргізген жұмысын оң бағалады. Бұл шаралар қоғам тарапынан да оң пікірге ие болды.

 Жоғарғы Соттың бастамасымен 2019 жылдан бастап сот жүйесіне қолайлы ықпал еткен бірқатар заң мен ұйымдастырушылық шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, жаңа судьяларды жұмысқа қабылдау кезінде іріктеу күшейтілді. Қазіргі кезде кандидаттардың жалпы санының тек 9%-ы ғана сынақтардан мүдірмей өтті. Қызметте өрескел бұзушылықтар мен кәсіптік жарамсыздығы үшін 200-ден астам судья жұмыстан шығарылды немесе лауазымы төмендетілді. Соңғы төрт жылда ауыр қылмыстар бойынша шығарылған ақтау саны 7 есеге өсті, дауларды шешудің соттан тыс механимздері дамып жатыр. Бұл жайт келіп түскен талап-арыздар санының 900 мыңнан 340 мың бірлікке дейін қысқаруына әкелді.

Мемлекеттік органдармен сот дауларына тартылған кәсіпкерлердің құқығын қорғауға мүмкіндік беретін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енген кезде әкімшілік соттардың құрылуы оң қолдау тапты. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар істердің 60%-ында жеңілетінін көрсетті. Бұл көрстекіш 2021 жылдың шілдесіне дейін небәрі 15 пайызды құрады.

Сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында «Атамекен» ҰКП  алаңында ғалымдар, адвокаттық  және заң қоғамдастықтарының өкілдері, бизнестен сарапшылар қатарынан жұмыс тобы құрылды.

 Бірінші кезекте сапалы сот төрелігіне қол жеткізу баса назарды талап етеді. Өйткені кассациялық өтініштерді алдын ала қараудың қолданыстағы тәртібі жоғарғы сатыға жергілікті соттардың барлық сот актілерін қайта қарауға мүмкіндік бермейді.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері тараптарға істердің барлық санаты бойынша шектеулер мен ерекшеліксіз кассациялық шағымдану мүмкіндігін беру, «жаппай» кассацияны» қамтамасыз ету әділ болады деп санайды.

Осы ретте  Жоғарғы Сот төрағасының ұсыныстары және Бас прокурордың азаматтық істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылығын енгізу үшін негізді кеңейту мүмкін болып отыр.

Судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолдарының бірі – облыстық соттар төрағалары, облыстық соттар алқалары төрағалары лауазымына кандидатураларды іріктеу кезінде сайланбалы механимздерді қолдану. Сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттар үшін эксаумақтылықты автоматты түрде анықтау. Нәтижеге сүйене отырып, эксаумақтылық бірінші сатыдағы соттарға да таралуы мүмкін.

 Санкцияларды оңды-солды шығара беруді болдырмау мақсатында кәсіпкерлерге қатысты іс жүргізу әрекеттерін санкциялау кезінде тергеу соттары үшін де эксаумақтылықты енгізу ұсынылады. Сондай-ақ ұсынылатын материалдарды тексеру міндетін бекіту және оларды алудың заңдылығы құқық органдарының заңсыз әрекеттерінен тосқауыл болады.

Кездесу нәтижесінде тараптар «Атамекен» және Жоғарғы сот мамандары сот жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарды бірлесіп талқылайды деп уағдаласты.

Жоғары сотпен бірге пысықталған ұсыныстардың нәтижесінде  құқық үстемдігін және сот төрелігін іске асыру сапасын қамтамасыз ету болуы тиіс. Бұл шаралар Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында тікелей көрініс тапқан.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер