«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан және Италияның кәсіпкерлері ынтымақтастық әлеуетін талқылады

2022 жылғы 03 Қараша
- Алматы қаласы
4271 просмотров

Италиядан келген кәсіпкерлер заманауи көгалдандырудағы жаңа тәсілдер, шарап жасаудың құпиялары, жиһаз өнеркәсібіндегі трендтер туралы айтты. Жиналыс Алматыдағы кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Дегелациядағы италиялық компаниялар бау-бақша, шарап жасау, жиһаз және фитингтер өндірісі, сондай-ақ интерьер дизайны саласында ұсынылған. Делегаттар арасында SRL, Риетро Сhinaglia Vivai, Poliplast SRL, AFA Arredamenti, Azienda Agricola Томас Финагри, IKE халықаралық сауда компаниясының өкілдері болды.

Шара барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов қонақтарға Ұлттық палатаның негізгі функциялары және серіктестер табуға көмектесуге дайындығы туралы айтып берді.

«Италия Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылы ішінде біз өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және жасыл энергетика сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біз екі елдің кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға көмектесуге дайынбыз», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Италия Қазақстан экономикасына ірі инвестор. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2021 жылы Италиядан келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі 122,8 млн долларды құрады.

Коммерциялық кеңістіктерді ұйымдастыру және дизайнмен айналысатын AFA Arredamenti компаниясының қызметі туралы компания өкілі Мирко Бенедетти былай деді:

«Біздің компанияда барлық өндіріс іште жүреді. Металл, әйнек және ағашпен жұмыс істеуге қатысты барлық процесс. Біз коммерциялық орындарда: мейрамханалар, бутиктер, кеңселерде жұмыс істейміз. Біз қолға алған әрбір жоба басынан аяғына дейін жүзеге асырылады. Бүгінде біз Еуропаның барлық дерлік елдерінде өкілдік етеміз».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері 2022 жылдың 7 айында Қазақстаннан Италияға экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 8,7 млрд долларды құрағанын атап өтті. Қазақстанның Италияға экспортының негізгі позициялары ферроқорытпалар, өңделмеген алюминий, бағалы материалдар сынықтары, болат бұйымдары және қорғасын.

7 айда импорт көлемі 9,7%-ға өсті. Қазақстан Италиядан шүмектер, клапандар, сорғылар, желдеткіштер және әртүрлі жабдықтарды импорттайды. Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 айда 9,2 млрд долларды құрады.

Алматы қаласы ӨКП директорының орынбасары Ақеркін Ералиеваның айтуынша, бүгінде қалада жиһаз өнеркәсібі қарқынды дамып, жиһаз өндірісі бойынша төрт көшбасшының көшін бастап келеді.

«Қаңтар мен қыркүйек аралығында кәсіпкерлер еліміздің жиһаз өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 63%-ға артық. Өндіріс көлемі 4,2%-ға өсіп, 46,7 млрд теңгені құрады. Біз сіздерді отандық жиһаз компанияларымен таныстыруға қуаныштымыз», – деді спикер.

Саланың өсуі жаңа жобаларға да, қолданыстағыларын кеңейтуге де бағытталған инвестиция көлемінің ұлғаюы аясында жүзеге асты.

Сапар аясында ұсынылған бағыттар бойынша алматылық кәсіпкерлермен бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда.

«Кәсіпкерлеріміздің кездесуі барлық салалардағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлкен серпін беретініне сенімдімін», – деді Айтуар Қошмамбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер