«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үш облыста Өңірлік кәсіпкерлер палаталары ашылды

2022 жылғы 04 Қараша
8355 просмотров

Енді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Абай, Жетісу, Ұлытау облысында өңірлік филиалдары жұмыс істейді. Мұндай шешімді палатаның Х съезінің делегаттары шығарды. 

Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков өңірлік кәсіпкерлер палатасын құру бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау міндеттерін іске асыру үшін қажет екенін атап өтті.

«ҰКП барлық кәсіпкерді бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтуы және тартуы керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуі тиіс», – деді Тимур Нақыпбеков жаңадан құрылған өңірлік палаталардың маңызы туралы.

Сондай-ақ, делегаттардың қарауына кәсіпкерлер палаталарының жаңадан құрылған облыстарындағы өңірлік кеңестердің сандық құрамын анықтау туралы мәселе шығарылды. Абай және Жетісу облыстарында кеңеске шағын, орта және ірі бизнестің 25 өкілі, Ұлытауда 15 өкілі қосылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер