«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезі басталды

2022 жылғы 04 Қараша
7650 просмотров

Бүгін елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  X съезі басталды. Съезге республиканың барлық өңірінен 300-ден аса делегат  қатысып жатыр. 

Съезд офлайн өтіп жатыр. Қатысушылар 9 мәселені талқылайды. Палатаның атқарылған жұмысының есебі, трансформациядан кейінгі Ұлттық палатаның жаңа тәсілдері және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өңірлік кәсіпкерлер палатасын құру қаралады. Сондай-ақ, ҰКП Төралқасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жекелеген мүшелерін сайлау, басқарманың өкілеттік мерзімін бекіту жоспарланып отыр.

Төралқа төрағасы Райымбек Баталов съезд жұмысын бастады.

«Бүгінгі съезд тарихи ерекше кезеңде – қазір еліміздің стратегиялық дамуын айқындайтын үлкен науқан кезінде өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстан» құрудағы бағыт-бағдары белгіледі. Осы бастаманың шеңберінде «Әділетті экономика» қағидасына сүйене отырып, біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде еліміздің кәсіпкерлеріне толықтай жағдай жасау мақсатында трансформация кезеніңен өтіп жатырмыз. Трансформацияны сапалы іске асыру үшін барлығымыз бірлесе күш-жігерімізді жұмылдырып, үлкен мақсатқа жетуіміз қажет деп санаймын. Бұл – сіз бен біздің кәсіпкерлер алдындағы ортақ міндет пен жауапкершілік», – деді Райымбек Баталов.

 

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған бизнеспен диалог алаңы Отандық кәсіпкерлер кеңесі өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, бизнестің жүйелі шешімдерді талап ететін мәселелері Үкімет деңгейінде үнемі қаралып отырады.

«Атап айтқанда, палата басшылығының жаңа модель құру жолымен трансформациялау бастамасы қолдау тапты. Нормативтік-құқықтық актілерді сараптау және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде Палатаның рөлін күшейту жөніндегі ұсыныс мақұлданды», деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, кеше елордада Х съезд қарсаңында мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлердің қордаланған мәселелерін тыңдады. Бизнес тарапынан 250-ден аса сұрақ түсті. Кейбірі кездесуде шешілді, қалғаны жұмыс тәртібінде қаралады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер