«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Диқандар тамшылап суаруды қолға алуды ұсынды

2022 жылғы 03 Қараша
4857 просмотров

Кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП X съезі қарсаңында бизнес-қоғамдастықтың орталық мемлекеттік органдармен кездесуінде суармалы су тапшылығы проблемасын көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жылда ауылшаруашылық жерлерге назар аударып,  бірінші кезекте суармалы егіншілікті дамытуға уәде берді.

«Ауыл шаруашылығы отандық экономиканың жаңа қозғаушы күші болады. Алдағы бірнеше жыл ауыл-аймақты дамытуға арналады», – деп мәлімдеді Президент.

Кәсіпкерлер Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударғанына қуанып отыр. Президент бағдарламасында әсіресе, ауыл шаруашылығы техникасының тозуы, жеңілдікпен несие беру, суарудың жеткіліксіздігі ерекше аталған.  Ол суармалы алқаптар ауданын екі есе көбейтіп, 2,2 млн гектарға жеткізуді, сонымен қатар 3,5 мың шақырымдық суару каналдарын қайта құру туралы хабарлады.

«Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілері одағы» ЖК және ЗТБ президенті Қайрат Бисетаев бұл бастамалардың дер кезінде қолға алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде оңтүстік өңірлердің 1,2 млн гектарға жуық егін алқабының 95%-ы арықпен суарылады. Суарудың мұндай технологиясы ескірген әрі суды тым көп шығындайды.

«Ал ауыл шаруашылығындағы судың бір бөлігі бізге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келетінін, тағы бір бөлігі – тез еріп кететін мұздақтардан алынатынын ескерсек, қолдағы су қорын барынша үнемдеуіміз керек. Егісті арықпен суаруды тамшылатып суаруға көшіру бойынша жеке бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі туып отыр. Салалық министрліктер мен әкімдіктер жақын келешекте Үкіметтің кепілдігімен халықаралық ұйымдардың қаражатын жеңіл шарттармен тарта отырып, тамшылатып суаруға көшуді жүйелі түрде жүзеге асыра алады», – деп ұсынды спикер.

Сарапшаның сөзінше, осындай бағдарлама жүзеге асырылса, мемлекет аз мөлшердегі сумен-ақ барлық диқанды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, судың тапшылығына алаңдамай егіс алқаптардың көлемін арттыруға мүмкіндік жасалады.

«Су тапшылығы – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы маңызды мәселе. Жекелеген шаруашылықтарға жақсы жағдай жасалуына жол берілмеуі керек. Айналым қаражатын банк қызметіне мүмкіндігі жоқ шаруалар да қолдана алуы керек», – деді Қайрат Бисетаев.

Еске салайық, Астанада 4 қарашада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезі өтеді. Оның қарсаңында кәсіпкерлердің орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, бизнестегі түйткілді мәселелерін талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер