«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша III мамандандырылған диалог алаңы өтед

2022 жылғы 27 Қазан
8359 просмотров

2022 жылғы 31 қазанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша III мамандандырылған диалог алаңы өтеді. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің («Ғылым қоры» АҚ) бастамасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өтеді.
 

Іс-шара шеңберінде Қазақстанның ЖОО және ҒЗИ ғалымдарына бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және әлеуетті инвесторларды өздерінің ғылыми идеяларымен және әзірлемелерімен қызықтыруға мүмкіндік беріледі.


Атап айтқанда, ҒЗИ мен ЖОО-ның 15 жобасының қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында топырақты өңдеудің инновациялық технологиясы, қой сүтін қайта өңдеу, жіті калькулезді холециститті хирургиялық емдеуге арналған әмбебап жара кеңейткіш, концентрацияланған гумин тыңайтқыштарын өндіру, бағалы балық түрлеріне арналған құрама жем сияқты және т.б. жобалар бар. Әрбір қатысушының міндеті 3 минут ішінде әлеуетті бизнес-серіктестерге ғылыми әзірлеменің коммерциялық құндылығын жеткізу болып табылады.


Болашақта кәсіпкерлер лицензиялық шарт негізінде зияткерлік меншік объектісіне құқық ала алады және ғалымдармен бірлесіп гранттық қаржыландыру конкурсына қатыса алады және өз өндірісінде жаңа технологияны енгізе алады.


Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының м.а. Райымбек Баталовтың, Ғылым қоры, QazInnovations, ЖБТ ӨИЫ, Даму, Өнеркәсіпті дамыту қоры, QazTrade, QazIndustry, KazakhExport, Kazakh Invest, Қазақстан Даму Банкі, Самұрық-Қазына Инвест, QazPatent өкілдерінің қатысуымен коммерцияландырудың табысты кейстерін ұсыну бойынша сессия жоспарланған.Осылайша, бизнес және ғылым өкілдері ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін бірлесіп коммерцияландырудың табысты тәжірибесімен, қол жеткізілген көрсеткіштермен және даму жоспарларымен бөліседі.

Одан басқа, іс-шара барысында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстан Республикасында қаржыландыруды тарту нұсқалары бойынша кеңестер берілетін болады. Іс-шара қорытындысы бойынша бизнес-кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасындағы бірлескен қызмет туралы уағдаластықтарға қол жеткізу жоспарланған.
 

Өткізу күні мен орны: 31 қазан сағат 14:00-18:30, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қабанбай батыр даңғылы, 19, блок С, 2 қабат. А.ж. 29 қазан сағат 11.00-ге дейін аккредиттелуіңізді сұраймыз.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер