«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы»

2022 жылғы 22 Қазан
- Жетісу облысы
3013 просмотров

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, кеңсе 303

Байланыс телефондары: +7 (747) 210 07 00, +7 (778) 636 90 96

Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы  № 728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру

Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін. 

Конкурстың түрі: Ашық конкурс.

Бюджет: 150 млн. теңге.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2022 жылғы «21» қарашадан бастап, 2022 жылғы «25» қарашаны қоса алғанда.

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.qoldau.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Құжаттарды электрондық нұсқада қабылдау онлайн қызметтерін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жолымен адами жайттардың әсерін барынша төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпкердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы

электрондық өтініш беру тәртібі

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар (ЖШС) үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

«Qoldau.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) расталған өтініш беру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

2) ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, құжат (бар болған жағдайда);  

3) берілетін мемлекеттік грант көлемінен кемінде 10% мөлшерінде бизнес- жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды бірлесіп қаржыландыруының (ақша қаражаттарымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжат, кәсіпкердің дербес шотында ақша қаражаттарының немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттарының (халықтың әлеуметтік-осал топтарын, оның ішінде,    3 топ мүгедектерін қоспағанда) бары туралы банк шотынан үзінді;

4) өтініш берушінің халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын мәртебесінің  барын растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда);

5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асырғаны туралы мәліметтерімен қоса жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда).

Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер