«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кабель арналарының монополистері нарықтың 25%-ын басқа ойыншыларға беруге міндеттелуі мүмкін

2022 жылғы 22 Қазан
12977 просмотров

Кабель арналары жалға берілуі мүмкін. Бұл бастаманы бизнес-қоғамдастықтың өкілдері «Атамекен» ҰКП алаңында тікелей эфир барысында талқылады.

Енді кабель арналарын жобалау және салу кезінде монополист нарықтың басқа қатысушыларына жалға алу үшін 25% бос орын қалдыруы керек. Бұл ретте меншік құқығы мемлекеттік органдарда немесе мемлекеттік ұйымдарда қалады. Бұл шара «таза парақтан» реттеу механизмін енгізу шеңберінде жұмыс тобының өкілдері ұсынды.

 «Нарық өкілдері ұсынған бұл бастаманы мемлекеттік орган қолдады. Жақын арада оны Ережеге енгізу жоспарланған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бірыңғай талаптар мен ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде монополист осы шартты сақтамаса жауапкершілікке тартылады. Субъективті сипаттағы талаптар анықталды, мысалы, министрліктің қолдауымен алынып тасталатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың сенімділігі, сүйемелділігі, ыңғайлылығы», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

 Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ елдегі жерасты кабель жолдарының 80 пайызының иесі. Бұл кабельдерге қолжетімділік басқа операторлар үшін шектелген. Бұл жайт операторлардың соңғы тұтынушыларға өз қызметін көрсетуін едәуір қиындатады. Мысалы, 2020 жылы «КаР-Тел» ЖШС-нің кабельдік арналарға қол жеткізу бойынша жіберілген 92 сұрауының 27% жағдайында кері жауап алынды. Алматы қаласы бойынша 90% жағдайда кабельге рұқсат берілмеді. «Алма ТВ Қазақстан» АҚ өтініштердің 40%-ы кері қайтарылды немесе қараусыз қалды.

«Қазақстанның тікелей сату қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова бизнестің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен жұмысының үлгісі оң екенін атап өтті.

«Барлық ұсыныс қаралды және олар шынымен де бизнестің сапасын жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік орган бастамаларды қолдап, үлкен жұмысты міндетіне алды», – деді спикер.

Ақпараттандыру және байланыс бағыты бойынша бизнеске қойылған 800-ден астам талап анықталды. Олар жұмыс тобы шеңберінде талқыланып, талданды. Қорытынды бойынша 33% 7 базалық қағидатқа сәйкес келмейді, базалық шарттарға сәйкес келмейтін және күшін жоюды талап ететін талаптар саны – 207, түзетулер – 66.

«Шын мәнінде, теңдік принципі нарық үшін маңызды негізгі қағида. Бұл қағида өз саласында ғана емес, сонымен қатар байланысты салаларда да талаптарды қайта қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, құрылысты алайық. Өйткені операторлар көбінесе үйдің микробағдарламасының өзгергені туралы хабардар етілмейді, соның салдарынан байланыс сапасы төмендеуі мүмкін», –  деді Қазақстанның Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының ғылыми-консультациялық орталығының директоры, АКТ, Білім және инновациялар комитетінің мүшесі Виталий Казанцев.

«Таза парақтан реттеу» реформасын іске асыру аясында «Атамекен» ҰКП тарапынан қолданыстағы реттеуді түбегейлі қайта қарау бойынша толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарынан бастап, егер талап Тізілімге енгізілмесе, онда ол бойынша Мемлекеттік орган бизнесті тексеріп, жазалай алмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер