«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешуге арналған жұмыс тобы құрылды

2022 жылғы 19 Қазан
- Қызылорда облысы
7184 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен, бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың бизнес қауымдастығымен кездесіп, проблемасын тыңдап, шешу жолдарын бірге талқылаған болатын.  

Осы кездесуде аймақ басшысы бұдан кейін бизнестің мәселесін жедел әрі дер кезінде шешіп отыру үшін облыстық деңгейде жұмыс тобын құратынын жеткізген.

«Міне сол жұмыс тобы осы қазан айында құрылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязова жетекшілік етеді. Құрамына Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдерінің кәсіпкерлікке жауапты орынбасарлары, облыстағы жауапты басқарма басшылары, сондай-ақ салалық қауымдастық жетекшілері мен кәсіпкерлер енді. Жұмыс тобының қызметін біз – Кәсіпкерлер палатасы толық жүргізіп отырамыз. Осы орайда, кәсіпкерлерге өзекті мәселелерін бізге жолдауды сұраймыз», – деген жазбада Палата директоры.

Кәсіпкерлер палатасында бұл шараларды директордың орынбасары Гауһар Елеусінова үйлестіріп отырады.

Аталған мәселеге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының 3-қабаты. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер