«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АГЕНТТІКТІҢ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

2022 жылғы 20 Қазан
- Түркістан облысы
6297 просмотров

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов кәсіпкерлердің құқығын қорғау және қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралатынын мәлім етті. Басқосудың басты мақсаты - кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері мен өзара іс - қимылдың жаңа форматын талқылау. 
Диалог алаңында облыстық басқарма басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ірі және шағын-орта бизнес өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Превенция қызметінің басшысы Агенттік жұмысының жаңа тәсілдері «Атамекен» ҰКП басшылығымен талқыланып, бүгінгі күні кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету мен бизнес ортадағы проблемалық мәселелердің  шешілу жолдарын оңтайландыру бойынша бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. 


- Елімізде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда өңірлердегі бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болу және оларды негізсіз әуре-сарсаңдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау – Агенттіктің басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өткен жөн, - деді Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов. 

Президент өзінің Жолдауында: мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиіс деп атап өткен болатын. Шағын және орта кәсіпкерлік дамушы ел экономикасының негізгі драйвері болып саналады. Сондықтанда, Біз кәсіппен айналысып жүргендерге және айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетуіміз қажет, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

 


Жиында мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру салалары, автомобиль жолдарының құрылысы мен құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру әрекетіне қатысты кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ортаға салынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер