«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы алғысын білдірді

2022 жылғы 20 Қазан
- Астана қаласы
6012 просмотров

Астанада қаланың белсенді кәсіпкерлері, сондай-ақ елордалық бизнестің дамуы туралы жазып жүрген журналистер Алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттау рәсімін Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырды.

«Астана қаласындағы бизнес-климатты жақсартуға белсене атсалысатын, өзекті мәселелерді жүйелі түрде көтеріп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдіріп жүрген, жалпы алғанда, бизнестің дамуына бей-жай қарамайтын барлық кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз.

Қазақстан егемендік алған 30 жыл ішінде біз демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алдық. Еліміздің барлық жетістігі мен табыстары – өз Отанының тағдыры үшін жанашырлық танытқан, көркеюіне атсалысқан барша қазақстандықтардың ынтымақтастығының жемісі», – дейді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Алғыс хаттар экономиканың барлық саласының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік тақырыптарын тұрақты түрде жазатын БАҚ өкілдеріне табыс етілді.

Өз кезегінде «Bizdin Forma»  ЖШС директоры Гүларай Мұртазина мен Астана қаласы Көлік қызметкерлері қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожин Кәсіпкерлер палатасына бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, шақырылғандардың барлығын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Елорда бизнесі республика бойынша қаланың жалпы ішкі өніміне ең көп үлес қосады – 2022 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша - 72,4%. Жалпы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 185,5 мыңды құрайды. Бұл салада 441,3 мың адам жұмыспен қамтылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер