«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «KNAUF Қапшағай» құрылыс компаниясымен бірлесіп Құрылыс бойынша салалық ресурстық орталық ашпақшы

2014 жылғы 13 Мамыр
9378 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «KNAUF Қапшағай» құрылыс компаниясымен бірлесіп Құрылыс бойынша салалық ресурстық орталық ашпақшы. Ол туралы «Құрылыс бағдарындағы КжТББ білім беру мекемелерінің оқушыларының Орталық Азия елдерінің халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы» аясында өткен дөңгелек үстел отырысы барысында хабарланды.  

Сонымен, KNAUF компаниясы тұрғысынан облыс колледжінің базасында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы және «Қамқор XXI» Қайырымдылық қорымен бірлесіп сервис және тамақтану саласындағы «Құрылыс бойынша салалық ресурстық орталығы» инновациялық технологиялар колледжін ашу туралы шешім қабылданды.

Фирма колледждің әлеуметтік серіктесі ретінде орын алып, шығыс материалымен, жабдықтармен, оқу әдебиеттерімен және шеберлермен қамтамасыз етеді.  

Облыстық колледж жанындағы орталықтың ерекшелігі онда жетім балалар, еңбек мигранттары, интернаттар түлектері және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар білім алатындығын атап кетуге болады. Бұл «Қамқор XXI» Қайырымдылық қорының арқасында мүмкін болмақшы. Колледж оқыту кезінде өз жатақханасын беруге дайын, тіпті жаңа жатақхананы салып бітірмекші.

Бұл «KNAUF Қапшағай» компаниясы өкілдері өткізген алғашқы науқан емес.  Осы конкурс үшін бизнесмендер ғылыми-әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып оқыту бағдарламаларын, құралдар, оқулықтар дайындады, барлық оқу құжатнамасын, ҚР кейбір колледждерінде енгізіліп үлгерген «каркасты-жапсырмалы технологиялар шебері» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспарларын даярлады.

«Мұндай конкурстар біздің кадрларды даярлаудағы проблемаларды көруімізге көмектеседі. Сондай-ақ егер оқушылардың үлкен көлемінің, сонымен қатар шеберлігі шыңдалған шебер-жұмыскерлердің қатысуымен қалалардың ашық көрме алаңдарында өткізілетін болса, кәсіптік бағдардың үздік аспабы болуы мүмкін. Бұл жай ғана кәсіптік конкурс емес, бұл жарнамалық ағарту жұмысы», - деп жалпының ойын білдірді «КNAUF  Гипс Қапшағай» ЖШС компаниясының Орталық Азиядағы білім беру жобаларының басшысы Сергей Адиянов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер