«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП алаңында ЕАЭО аясындағы іскерлік ынтымақтастықтың мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды

2022 жылғы 14 Қазан
10134 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

 Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан үшін өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, елдер арасындағы транзиттік қақтығыстар, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, санкциялар, комиссия шығарған шешімдерді орындамау.

«Осы мәселелердің көбі ҰКП алаңында көтеріліп келген. Кәсіпкерлер қашанда өз проблемаларын тиімді, жедел шешкісі келеді. Олар мәселені негіздеп, шешу жолдарын ұсынады. Бұл маңызды. Көтерілген барлық мәселе хаттамаға енгізілген, сонымен қатар біз осы мәселелер үкімет пен бастамашы деңгейінде қалай шешілетінін егжей-тегжей пысықтадық. Өткен кездесу Комиссия басшысының бақылауына алынған мәселелер басқа динамикада шешіліп жатқанын көрсетті», – деді Райымбек Баталов.  

Қазақстандық тарапқа қойылған қарымта сұрақтар да маңызды, осылайша бүгінде бірден 19 келісім ратификацияланбаған. Палата басшысы қазіргі жағдайда құжаттарды қарау мерзімін ұзарту дұрыс емес екенін айтып, Қазақстан тарапында тұрып қалған барлық келісім бойынша салыстыру актісін жасауды ұсынды.

 «Практикалық тәсілді қолдану құжаттарды қарау мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті ҰКП басшысы.

 Михаил Мясникович ҰКП алаңыда қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен екінші рет кездесіп отыр.

«Маған «Атамекен» палатасымен жұмыс істеу ұнайды. Өйткені бизнес өкілдері нақты сұрақтар қойып, бірден шешімін ұсынады. Бұл өте жақсы және  ситуациядан қалай шығуға болатынын іздеу жолы», – деді  Михаил Мясникович.

Комиссия төрағасы қазіргі кезде Одақтың екі бірдей қатысушысына қатысты санкциялардың енгізілуіне байланысты елдер ішкі нарықтарды қорғау жөнінде шаралар қабылдай бастағанын, бұл жайт шаруашылық серіктестеріне зиян келтіретінін атап өтті.

«Кедергілер пайда болады және әлі толық қалыптасып бітпеген ортақ нарық құлдырай бастайды. Өзара шағымдардың жинақталуы жүріп жатыр. Біз бір сауда режимі туралы айтатын болсақ, қазір олардың саны бесеу, сонымен қатар банктер, бақылау мемлекеттік органдары, қайталама санкциялардың тәуекелдері бар. Біз ортақ күш-жігермен нарықты кедергісіз қалыптастыруға ұмтылуымыз үшін осы кедергілердің жолын кескім келеді», – деп атап өтті спикер.

 Мәселені шешудің бір жолы – бірлескен кәсіпорындар, интеграциялық жобалар кем дегенде үш мемлекеттің өкілдері қатысатын жобаларды іске асыру. Спикердің айтуынша, әлемдік аренада Одаққа қатысушы елдердің экономикаларының үлесі небәрі 2%-ды  құрайды. Ал өңдеу өнеркәсібі бөлінісінде бұл көрсеткіш бұдан да төмен.

«Одақтың сыртқы саудасы негізінен шикізат блогымен ұсынылған. Біз бірлескен компанияларды құруды ынталандыру керек дегенге келдік. Өткені кейбір компаниялардың зияткерлік мүмкіндіктері бар, біреудің шикізаты бар. Демек күш біріктіру керек, содан кейін мәселелерді реттеу үшін аз ғана әкімшілік ресурс қажет болады. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қажет деп санаймыз. Бұл мәселені келесі аптада талқылау жоспарланып отыр», – деді ЕЭК Алқасының басшысы.

Сонымен қатар, мұндай кәсіпорындар одаққа мүше елдерде, мысалы, микроэлектроника саласында күрделі жоғары технологиялық жобаларды іске асыру мәселелерін шеше алар еді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов Ресейден ЕАЭО елдеріне тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат құжаттарын алу мәселесін көтерді. Рұқсаттарды Ресей Федерациясының мамандандырылған министрліктері заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің өтініші негізінде бекітілген тәртіпке сәйкес толық ақпарат ұсына отырып береді. Оны алу үшін қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік ЭЦҚ пайдалана отырып, құжаттарды қағаз түрінде немесе электрондық түрде жіберу қажет. Ал ресейлік ЭЦҚ-ны кәсіпкерлер ала алмайды.

  «Ресейлік серіктестер тауарды сыртқа шығаруға рұқсат алуға көмектесуге келісе бермейді. Кәсіпкерлер рұқсат алу құжаттарын алу мерзімі ұзарып кетуіне байланысты шағымдар түсіреді», – деді спикер.

 Сондай-ақ, қазақстандық бизнес өкілдері қазақстандық кәсіпкерлердің меншігіндегі тауарларды әкетуге рұқсат алу қажеттілігі мәселесіне қатысты ҰКП-ға жүгініп жатыр.

 «Осындай жағдайға кәсіпкерлер жиі тап болады. ҰКП мамандары бұл проблеманы кешенді шешу керегін айтып келеді. Мысалы, компаниялардың бірі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігінің порталы арқылы кранға рұқсат алуға электрондық өтініш берді. 2022 жылдың 27 маусымы мен 25 тамызы аралығында компания әкетуге рұқсат алуға өтінішіне 49 теріс жауап алды. Ресей тарапы  құқықты белгілейтін құжаттарды тізбесі толық емес деген себеп айтады», – деді Тимур Жаркенов.

 ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі және ҚР Үкіметіне бірнеше өтініш жасау нәтижесінде ҚР Индустрия және сауда министрлігі тарапынан өтінімдерді жеделдетіп қарау және тиісті рұқсаттар беру арқылы техниканы әкетуге көмек көрсетілді. Ресейден барлығы 132 бірлік техниканы әкелу жоспарланған болатын, олардың біразы рұқсат беру тәртібіне жатпады. Рұқсат алу арқылы 50-ге жуық техника шығарылды.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов демпингке қарсы мәселеге тоқталды. Спикер ЕАЭО нарығындағы мойынтіректердің тапшылығы туралы айтты. Жағдай ҚХР-дан шығатын ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін домалату мойынтіректеріне (ине мойынтіректерін қоспағанда) қатысты демпингке қарсы шаралардың ұзартылуына байланысты туындады. ЕАЭО аумағында америкалық Amsted Rail («ЕПК-Бренко» ЖШҚ), Timken және швед SKF («СКФ» ЖШҚ) компанияларының өндірісін тоқтата тұруына байланысты кассеталық мойынтіректердің сұранысы мен тапшылығының артуы қолданыстағы вагондарды жөндеудің қымбаттауына алып келді.

 «2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істемейтін саябақта кассеталық мойынтіректердің болмауына байланысты 1700-ге жуық жүк жұмыс істемейді. Вагон жөндеу кәсіпорындарының тоқтап қалуына байланысты (1 жылдан астам) әлеуметтік шиеленісті жағдай жасалып жатыр, зауыт қызметкерлері ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр», – деп атап өтті спикер.

 «Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін үшінші елдерден тауарлар импортына демпингке қарсы баждардың жоғарылауын енгізген кезде, тауар өндірушілер біздің нарықта өзін жосықсыз ұстай бастайды. Бағаны көтереді, сапаны нашарлатады. Сондықтан бизнес орта баждарды төлеу және сапалы тауарларды үшінші елдерден сатып алу туралы шешім қабылдайды. Бұл теріс көрсеткіш», – деді Михаил Мясникович.

2019 жылғы 1 ақпандағы Кеме қатынасы туралы келісімнің күшіне енуін жеделдету туралы тағы бір мәселені «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Сәкен Сағатұлы көтерді. Оның айтуынша, кеме қатынасы туралы келісім қазақстандық флоттың ашық теңізге шығуы үшін стратегиялық маңызға ие. Кеме қатынасы туралы келісімнің күшіне енуінің ұзаққа созылған процесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеме иелерін табыстан айырып жатыр.

«Қазіргі кезде Қара теңіздегі порттардан қазақстандық порттарға дейінгі жүктер Еділ-Донск кеме қатынасы арнасы арқылы транзитпен жеткізіледі. Кеме қатынасы туралы келісім Ақтау және Құрық порттарының Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзиттік әлеуетін және Ресей Федерациясының Ішкі су жолдары арқылы Қара теңізі және Жерорта теңізі порттарына дейін жүктерді тасымалдауды ынталандыруға қызмет етеді», – деді спикер.

 Кездесу барысында кәсіпкерлерге әр мәселе бойынша түсініктеме берілді. Барлық проблема хаттамаға енгізіліп, ЕЭК және «Атамекен» ҚР ҰКП бақылауына алынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер