«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әулиекөл кәсіпкерлеріне бүлінген бизнесі үшін өтемақы алуға сертификаттар берілді

2022 жылғы 12 Қазан
- Қостанай облысы
10880 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасымен, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Күшіміз бірлікте» ҚБ арасындағы уағдаластық негізінде мүлкі өрттен бүлінген барлық кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілді.

 Кәсіпкерлердің материалдары өңірлік комиссияның отырысында – 2022 жылғы 5 қазанда қаралды. Комиссия мүшелері кәсіпкерлердің мүлкі орналасқан жерге бірнеше рет барды, зардап мөлшерін бағалады, барлық фото-бейне жазба және өзге де материалдар бар.

«Күшіміз бірлікте» қорының комиссиясы өңірлік комиссияның шешімін қолдады және жалпы сомасы 36 150 653 теңгеге 5 жеке кәсіпкерлік субъектіне төлем жүргізді.

 Кәсіпкерлерге сертфикаттарын Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев табыстады.

 Кәсіпті қалпына келтіруге ақшалай өтемақы алған кәсіпкерлер:

  • Муменов Жандос Мофикұлы,  «Монтаж Group KZ» ЖШС – 2 400 000 теңге.
  • «Байрамов Акиф Аласоғлы» жеке кәсіпкерлігі – 14 170 000 теңге.
  • «Томашевич Януш Станиславович» жеке кәсіпкерлігі – 15 000 000 теңге.
  • Фель Светлана Александровна – 1 136 983 теңге.
  • Сағымбай Асулан Еркешұлы – 3 443 670 теңге.

 «Оқиға орын алғаннан бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасынын өкілдері жанымыздан табылды, құжаттарды дұрыс толтырып, жинауға көмектесті, кеңес берді. Қостанай облысының кәсіпкерер палатасы зардап шеккен кәсіпкерлер мен тұрғындарға көмегін аямады. Гуманитарлық көмек бізге елдің түкпір-түкпірінен келді. Осындай қолдау үшін көп рахмет», – деп атап өтті өрт кезінде дәмханасы толық өртеніп кеткен кәсіпкер Акиф Байрамов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер