«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың МЖӘ жобаларын тексерудегі іс-әрекеттерін реттеуді сұрайды

2022 жылғы 05 Қазан
8476 просмотров

Кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын тексеру бойынша тексеруші мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін регламенттеуге қатысты ҰКП-ның бастамасын қолдады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың төрағалығымен өткен МЖӘ жобаларын мониторингілеу жөніндегі кеңестің отырысы барысында сараптамалық қоғамдастық пен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде МЖӘ саласындағы көптеген жүйелі мәселені шешу мүмкіндіктері талқыланды.

 Алайда МЖӘ құралын тартымсыз ететін бірқатар мәселе әлі де бар. Атап айтқанда, ҰКП мамандары тексеруші мемлекеттік органдардың функциялары мен іс-әрекеттерін реттеу қажет деп санайды. Тексеру барысында тексеруші мемлекеттік органдар МЖӘ жобасын және бюджеттік жобаны іске асыру кезінде тек бюджеттік жүктемені салыстыру критерий саналатын бюджеттік тәсілді негізге ала отырып, МЖӘ құралын қолданудың орындылығын бағалайды.

 «Іс жүзінде тексеру нәтижесінде МЖА келісімшарты инвестцияилар салынып, жобаны пайдалану кезінде бұзылады. Мемлекет басшысы инвестиция тарту бірінші кезекті мәселе екенін айтты. Осыған байланысты бұл механизм әлеуетті инвесторлар үшін тартымды болуы үшін тексерудің шегін белгілеуді ұсынамыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП аппарат жетекшісі Бауыржан Оразғалиев.

Мұндай проблемаға инвесторлар Алматыда 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан қалдықтарды басқару жөніндегі МЖӘ жобасы кезінде тап болды. Компания 6 м инвестиция тартты, ал жобаның 5 жылында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тексеруіне байланысты бұғатталды.

«Жобаның бесінші жылында компания халықтан қайта өңдеу үшін тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинамағаны туралы хабарлама келді. Бұл елдегі екінші жыл жаңа кодекспен жұмыс істейтінін және сұрыптау ұғымы қайта өңдеудің ажырамас бөлігіне айналғанын ескермеген. Енді жеке инвестор не істерін білмейді. Кез келген мемлекеттік орган, инвесторды бұғаттай алады деген сөз. Міне, прокуратура іске қосылды. Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына қауіп төніп тұр. Мемлекеттік органдардың тексеруі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жүзеге асыруға кедергі», – деді «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов.

 Мұндай жағдай басқа өңірлердегі осы саладағы жобаларды тоқтатты. Кәсіпкерлер күмәнмен қарайды және инвестиция салғысы келмейді.

МЖӘ сарапшысы Алмас Садықов «Атамекен» ҰКП-ның қадағалау органдарының тексерулерін регламенттеу және МЖӘ келісімшартын жасасқаннан кейін МЖӘ заңнамасына тексерулерге шектеу енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.

 «Қарыз капитал тартылып, инвесторлар қатысып жатқан бірқатар жоба бар. Келісімшартқа қол қойылып, бірақ қаржыландыру аяқталмаған кезде қадағалау органдары жобаны тоқтатуды ұсынады, банкетер қаржыландыруды тоқтатады. Біз тексерулер операциялық кезеңде, жобалау кезінде жүргізуді ұсынамыз. МЖӘ бірінші кезекте инфрақұрылымға инвестция  тарту жобасы», – деді Шынболат Байқұлов.

Заң жобасы шеңберінде қайта қарау үшін бірқатар мәселені Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты. Спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызбау үшін МЖӘ жобалары туралы ақпаратты ашық көздерде жариялау қажеттілігіне тоқталды, ал жобалардың тиімділігін бағалауға осы жобаның өңірлік дамуға қосқан үлесін бағалауды қосу қажет. Сондай-ақ, спикер жобаларды бірлесіп қаржыландыру мәселесін айтты.

«Инвесторлар мен мемлекеттің үлесін 50-50-ге тең етуді ұсынамыз. Өйткені бүгінгі қаржыландыру әдісі мемлекеттің үлесі көбірек екенін көрсетті», – деп атап өтті Саян Ахметжанов.

 «Мемлекеттік органдар бізге МЖӘ жобаларының тиімділігі бойынша келтірген сандарға келетін болсақ. МЖӘ жобаларының тиімділігін есептеу өте қиын. Кез келген инвестициялық жоба бірнеше жылға жоспарланады. Оның түпкілікті нәтижелері соңғы уақыт кезеңі бойынша есептелуге тиіс», – деді «Атамекен» ҰКП МЖӘ жобалар мониторингі кеңесінің төрағасы Аманжан Жамалов.

Кеңес төрағасының айтуынша, жобалар  іске асырудың кез келген кезеңінде «шартты бұзу ұсынылады» деген тұжырыммен жиі бұзылады. Нәтижесінде дұрыс емес тұжырымдау МЖӘ тараптарын сот даулары мен қақтығыстарға итермелейді.

«Бұл тұжырым дұрыс емес, өйткені жоба сараптамадан өткен. Бұдан басқа, оның қажеттілігін құзыретті органдар да растады. Ал тексеруші органдар жобаның экономикалық пайдасыз екені туралы қорытынды шығарған кезде жобаға алдында рұқсат берген құзыретті органның жұмысын керексіз, түкке тұрғысыз етеді», – деді Аманжан Жамалов.

Спикер, сондай-ақ келісімдер, сараптамалар мен қорытындылардың барлық кезеңінен өткен, қажетті деп танылған және іске асырыла бастаған жобалар аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, тексеруші органдардың құзыреттілігі мен дайындығына назар аударылды.

«Біз білетіндей, барлық мамандар, МЖӘ сарапшылары қандай да бір жолмен МЖӘ-мен айналыса отырып, оқудан, біліктілігін арттырудан өтеді, сондай-ақ халықаралық үлгідегі сертификаттар алады. Саланы шала біліп, нашар түсінетін маман келісімшартты бұзу туралы ұсыныстар қалай жаза алады?» – деп депутат бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкіліне сұрақ қойды.

Жиынды қорытындылай келе, Аманжан Жамалов МЖӘ жобалары ұзақ мерзімді жобалар екенін атап өтті.

  «Бәрі өзгереді, екі тараптың кінәсі салдарынан жоспар да бұзылуы мүмкін. Егер олқылықты түзеуге мүмүкіндік болса, түзеу керек. Егер бұзышылық үшін санкция бар болса, қолдану керек. Ал келісімшартты бұзу – ең соңғы шара екенін түсіну керек. Бүкіл әлемде таза инвестцииялар көлемі азайып барады. МЖӘ құралын дамыту қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекет ойластырған инвестициялар. Жеке әріптесті қорғау деңгейі болуы керек», – деп атап өтті депутат Аманжан Жамалов.

Спикер, сондай-ақ, МЖӘ жобалары бойынша тексеру ережелерін қарастыру қажеттігін атап өтті. Тексеру қорытындылары бойынша жеке әріптестердің өтініштері салық органының үлгісі бойынша алқалы апелляциялық комиссияларда шешілуі тиіс, ал мұндай комиссиялардың шешімдері мемлекеттік органдар үшін міндетті болуы тиіс екенін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер