«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер МЖӘ шеңберінде әріптесті айқындайтын тікелей келіссөздердің күшін жоюды қолдамады

2022 жылғы 03 Қазан
8591 просмотров

Кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздердің күшін жоюға қатысты бастаманы қолдамады. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың төрағалығымен «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңестің отырысы мемлекеттік органдардың МЖӘ туралы заңнамаға өзгерістер талқыланды.

Мемлекет басшысының МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындаудың аралық қорытындылары туралы ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров айтты.

 

«Президент 2022 жылғы 21 қаңтарда отандық бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен кету және міндеттер, кепілдіктер, тәуекелдерді теңгерімді бөлуді қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануға жол бермеу мақсатында МЖӘ механизмдерді жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды», – Ілияс Өсеров.

 Ұсынылған бастамалардың бірі – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігінің республикалық МЖӘ жобаларын міндетті түрде келісу жөніндегі ұсынысы болды.

«Көп жағдайда жобаларды іске асыру кезінде жасырын монополия құрылады. Ал жобалардың 40%-ы тікелей келіссөздер. Сатып алу процедурасы еленбейді және серіктес 25 жылға артықшылыққа ие болады. Ал қалғандары нарыққа кіре алмайды. Бұл монополияны болдырмау үшін тиімді механизм», – деп атап өтті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті директорының орынбасары Тимур Отаршинов.

 Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов келісім бойынша бұл ұсыныс Мемлекет басшысының жолдауына қайшы келетінін, онда елдің дамуын айтарлықтай тежейтін шамадан тыс бюрократияны жүйелі деңгейде жою жайында айтылғанын атап өтті.

МЖӘ сарапшылар қауымдастығының басшысы Арман Тілеубаев МЖӘ қағидаттары мен белгілері бар екенін атап өтті, оған сәйкес конкурстық негіз байқауға және тікелей келіссөздерге қолданылады.

«МЖӘ жобаларын іске асыру дәстүрлі түрде мемлекеттің жауапкершілігі бар салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қоғамдық қызметтер, әлеуметтік сала немесе монополиялық қызметтер. Монополияның қандай да бір шоғырлануы туралы айту дұрыс емес. Заңға тәуелді актілерде мүдделі мемлекеттік органдармен келісу механизмі бар», – деді Арман Тілеубаев.

 Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығының өкілі Талғат Бакиев МЖӘ механизмі мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік саласына инвестициялар құралы ретінде қарастырылуы тиіс екенін айтты.

Жеке серіктесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерді алып тастау бизнес тарапынан наразылық тудырды.

 «Тікелей келіссөздерге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана рұқсат етіледі деген ұсыныс қаншалықты дұрыс? Егер біз Мемлекет басшысын «Бәйтерек», «Самұрық-Қазына» сатып алуына қосатын болсақ, онда Үкіметтің не қажеті бар? Бұл қаншалықты орынды?» – деп кеңес төрағасы сұрақ қойды.

Кеңес төрағасы бизнестің наразылығын ескере отырып, шетелдік тәжірибені зерттеместен толық көшіре салу жоғары нәтиже бермейтінін атап өтті.

«Жеке бастама мен тікелей келіссөздер арасында айырмашылық бар. Сонымен қатар, еліміздің ерекшеліктерін және кәсіпкерлікті дамытуды ескеру қажет», – деп атап өтті Аманжан Жамалов.

Сондай-ақ, депутат ұсыныстарды тағы бір рет қарап, міндеттер, кепілдіктер, тәуекелдер мен кірістерді теңгерімді бөлу қажет екенін айтты.

«Қолға алынған көптеген бастама жақсы, бірақ нақтылауды қажет етеді. Біз оларды тағы да талқылауымыз керек деп санаймын. Тікелей келіссөздерден бас тарту жөніндегі ұсынысқа келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бизнестің барлық ескертуін назарға алып, ұсынысты қайта қарауды ұсынамын», – деп қорытындылады Аманжан Жамалов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер