«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда бірыңғай есеп беру күні өтті

2022 жылғы 30 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
9422 просмотров

Бүгін кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың төрағалық етуімен  бірыңғай есеп беру күні өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиевтың қатысып,бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу және олар бойынша сындарлы шешімдер дайындау мәселелерін талқылады.

 Шара жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің аудиториясы үшін өткізіп отыр.

Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің мақсаты - мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша міндетті талаптардың бұзылуын алдын-алу болып табылады.

 Бұл шара кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнес-қауымдастықпен кері байланысын қалыптастыруға көмектеседі. Соңғы жылдары бизнесті қолдау мақсатында көптеген бастамалар іске асырылды. Заңнамалық деңгейде реттеушілік және бақылау-қадағалау тетіктерін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Мемелекеттік органдар тарапынан тексерулерге қатысты тәртіптер жинақталған. Бұған, алдымен жаңа Салық және Кеден кодексі, сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген түзетулер ықпал етті.

2020 жылдың қаңтарынан бастап Президенттің микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы Жарлығы күшіне енген болатын. Оны қосымша             1 жылға созуды қарастыруда.

 Сонымен қатар, микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатылды.

Алайда, осы жылдың сегіз айындағы талдау көрсеткендей, Маңғыстау облысында Бақылау және қадағалау органдарымен 2022 жылғы 8 айы бойынша   2 356 тексеру жұмыстары жүргізілген 2021 жылдың          8 айына 1 748 тексеріс жүргізіліп өсім 35%-ға артқан.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Асылбек Жарылғасов биылғы 8 айда кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі жұмыстың қорытындысы туралы баяндады. Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бойынша 66 өтініш қарап, оның ішінде 37 кәсіпкердің құқығы толық қорғалды. Бизнес өкілдері көбінесе кәсіпкерлік субъектілері, жер мәселелері, сатып алу, сәулет және құрылыс, салық саласы, табиғи монополиялар бойынша сұрақтармен жүгінген.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кәсіпкерлердің құқықтары жалпы сомасы 386 млн 781 мың теңгеге қорғалды. Оның ішінде ең ірі сома «Mangystau Oil Refining» ЖШС -не тиесілі- 344 млн теңге шығыннан қорғалды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес 8 ай есептік кезеңінде 11 мәселе қаралды. Жүргізілген кеңестердің нәтижелері бойынша мемлекеттік және уәкілетті органдарға 14 ұсыныс енгізілді, оның 10 ұсынысы бойынша бүгінгі күні мемлекеттік органдардары тарапынан қолдау табылды.

Басқосуда сөз алған Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Досбол Меделовтың айтуынша, жыл басынан бергі 8 айда бақылау және қадағалау органдары облыстағы бизнеске 1 113 тексеру жүргізген. Оның тең жартысына жуығы ірі кәсіпорындар еншісінде. Жек кәсіпкерлік нысандарына қатысты 945 тексеру аяқталған. Оның 60-ның күші жойылды. Кәсіпкерлер өздеріне қатысты қысымды «Qamqor» мобильді қосымшасы көмегімен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке хабарлай алады. Бүгінде қосымшаға өңірдің 2 мыңнан аса іскері тіркелген.

Біріңғай есеп беру күнінде экология, еңбек инспекциясы, сәулет-құрылыс басқармасы өкілдері де баяндама жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер