«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ғани Қасымов және Нұржан Әлтаев «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды

2014 жылғы 13 Мамыр
9454 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің Төрағасы Ғани Қасымов «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұсынысы бойынша «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Palata.kz.

Медальдарды «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары Жангелді Махашев табыстады.

Ол ҰКП өкілдерінің ардагерлерді қолдау бойынша жасаған елеулі қоғамдық еңбектері үшін және Ауған соғысы мүгедектеріне көрсеткен қайырымдылық көмектері үшін марапатталғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер