«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП Съезі 4 қарашада өтеді

2022 жылғы 20 Қыркүйек
6598 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) ҰКП Төралқасы Съезді шақыру (бұдан әрі – Съезд) туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Съездің өтетін күні: 2022 жылғы 4 қараша, сағ. 10:00.

Өтетін орны: Астана қаласы Достық көшесі, 16 үй (The Ritz-Carlton, Astana қонақүйі).  

Тіркеу: сағат 9.00-10.00

Съезді өткізу формасы: офлайн (шектеу шараларын енгізген жағдайда -бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Күн тәртібі:

1) Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының өңірлік палаталарын құру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер кеңестерінің сандық құрамын айқындау;

2) ҰКП басқару органдарының кейбір мәселелері:

- ҰКП Төралқасының жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа мүшелерін сайлау;

- ҰКП басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту.

3) ҰКП-ның үш жылдық кезеңге арналған индикативтік ортамерзімді (2023-2025 жж.) бюджетін бекіту.

4) «Есеп» аудиторлық компаниясы» ЖШС-ның ҰКП қызметіне жүргізген кешенді талдау нәтижелері.

5) ҰКП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту.

6) Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлау.

7) ҰКП 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту.

8) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ұсынылатын өзгерістерді қоса алғанда, ҰКП реформалау бойынша ҰКП кезектен тыс ІХ съезі шешімінің орындалу барысы талқыланады.

9) әртүрлі сұрақтар.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы съезд өтетін күнге дейін съезге қатысушыларға қосымша жолданатын болады.

Съезд шақыру туралы хабарландыру 2022 жылғы 20 қыркүйекте Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жарияланады.    

Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-90, 1432

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер