"Kostanay Plaza" фермерлік базарында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, оның қаражаты Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету қорына түседі
Жәрмеңкеге Қостанай облысының 15-тен астам өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде жалпы сомасы 6 млн. теңгенің тауарлары ұсынылды.
Іс-шараның барлық қатысушылары Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен Қостанай облысы ӨКП атынан алғыс хаттармен марапатталды. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев Әулиекөл ауданында зардап шеккен бизнеске көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: