«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарақия ауданында республикалық «Бір ауыл - бір өнім» жобасы жүзеге асырылуда

2022 жылғы 16 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
8283 просмотров

Республикалық «Бір ауыл - бір өнім жобасының жұмыс тобы мен қонақтары Қарақия ауданына іс-сапармен барды. 

«Бір ауыл-бір өнім» республикалық жобасы
Қазақстан бойынша төрт облыстың төрт ауылын қамтиды. Соның бірі Қарақия ауданының Құрық ауылы. 

Аталған жобаның мақсаты - төрт түлік малдың жүн-терісін өңдеп, әлемдік деңгейде таныту. 

Форумның жұмыс тобы ауданда жасалып жатқан жұмыстарымен танысып, жаңадан ашылатын ғимараттың  дайындығын көрді. 

Сондай-ақ, Қарақия кәсіптік колледжінің жұмыс барысымен, заманауи тері-тон бұйымдарын өңдеу технологиясымен танысты.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Р.А.Миралиеваның бұқтырылған ет өнімдерін дайындайтын цехына және ауданға қарасты егін шаруа қожалықтарына арнайы барды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер