«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеуді тұжырымдалық негізде қайта қарау керек – Ұлттық палата

2022 жылғы 16 Қыркүйек
9443 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеуді қайта қарау қажет деп есептейді. Палата мамандарының пікірінше, қазіргі реттеу нарық тәсілдеріне сәйкес келмейді. Сол себепті сарапшылар мәселені бірнеше рет көтеріп, баға неліктен өсіп жатыр және оны шешу үшін не істеу керегін айтып берді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар (ӘМАТ) бағасының өсу статистикасы

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сәйкес, соңғы айда бағаның өсуі 0,8%-ды құрады. Пияз, қант және күріш қымбаттады, ал қырыққабат, сәбіз және картоп бағасының төмендеуі байқалады.

АШМ мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде сиыр еті, құс еті, ұн, картоп, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы мен сүтті қоса алғанда, 680 мың тоннадан астам негізгі азық-түлік бар. Ішкі нарықты бидайдың, қанттың және тұздың қажетті көлемімен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Өңірлерде - ӘМАТ бағасының қымбаттауына бір айда Ұлытау (1,5%), Қарағанды (1,4%) және Қостанай облыстарында (1,3%) жол берілген.

Пияз бағасының өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық. Мәселен, соңғы айда бағалар орта есеппен 11,9%-ға артты. Бір айда ең көп өсім Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Сондықтан азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мәселесі өзекті болып қала береді.

Негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағасы неге байланысты болады

 

Сарапшылардың айтуынша, негізгі мұндай тауарлардың бөлшек сауда бағасы өндірушілерге, сондай-ақ шикізаттың, импорттаушылардың бағасына, яғни көлік-логистикалық шығыстарға, кедендік баждарға және басқа да сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.

«Мемлекеттік органдар доллар бағамының өсуі сияқты факторларды әрдайым ескере бермейді, өйткені өнімнің өзіндік құны – қаптамасы, жабдық, қосалқы бөлшектерге байланысты, өндіріске арналған шикізат импортталады. Мысалы, күнбағыс майын өндірушілер импорттық қаптаманы сатып алады, Дайын өнімнің өзіндік құнының құрылымында қаптама 10%-ды алады», - деп атап өтті сарапшылар.

Осыған байланысты, доллар бағамының өсуі есебінен өнімнің түпкілікті құны да ұлғаяды.

ӘМАТ бағасына әртүрлі фактордың әсері

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтердің алуан түрі: электр энергиясының, салықтардың, жанар-жағармай бағасының артуы, персоналдың жалақысын өсіру - барлығы да өнімнің түпкілікті құнына әсер етеді.

ӘМАТ бағасы заңмен қалай реттеледі

"Сауда қызметін реттеу туралы" заңда ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15% - ынан аспайтын деңгейде (9-бап) болу керек. Яғни ӘМАТ тізіміндегі өнімдердің 19 түріне сауда үстеме бағасы 15%-дан аспауы тиіс.

15-проценттік үстемеден асып кету ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік жауапқа әкеп соғады. ӘМАТ бағасын апта сайын әкімдіктер, Сауда министрлігі, ҚРҚА және басқа да мемлекеттік органдар бақылайды.

Бүгінде ӘМАТ бағалық реттеу қолданыстағы заңнамамен регламенттелген және мемлекеттік органдарға тиісті құқықтық құралдар жиынтығы берілген. Қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру Сауда министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне, оның ішінде рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және нарықтық тетіктерге сәйкес келетін тамақ өнімдеріне бағаны ұстап тұру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу де аталған органдарға жүктелген.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы қандай

«Ұлттық палата мемлекеттік органдардың қазіргі реттеу жүйесін нарықтық тәсілдерге сәйкес келмейді деп санайды. Сондықтан тұжырымдалық негізде қарау қажет деген мәселені бірнеше рет көтерді», - деп атап өтті Ұлттық палата өкілдері.

Содан кейін ҚР СИМ Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының жобасын әзірледі.

Ұлттық палата ереже жобасын бизнестің пікірін ескере отырып қарады және тиісті ескертулер мен ұсыныстар берді (15.08.2022 ж. № 10354/22). Қолданыстағы ережелермен салыстырғанда ережелер жобасы нарықтық қатынастарға бағытталған және тұтынушылардың, сауда субъектілері мен өндірушілердің мүддемін қанағаттандыруға бағытталған.

«Ереже жобасы қазіргі экономикадағы жаһандық талаптарға байланысты қолдау тапты, демек, әлемдегі экономикалық жағдай тұрақтанғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеуді концептуалды түрде қайта қарау керек», - деп қорытындылады ҰКП сарапшылары.

Анықтама: бүгінгі таңда ӘМАТ тізімінде 19 түрлі өнім: ұн, нан, мүйіз, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, ет (сиыр еті, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысы) бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер