«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысында Іскер әйелдер кеңесінің форумы өтті

2022 жылғы 15 Қыркүйек
- Түркістан облысы
5884 просмотров

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің бизнес-форумы өтті, оған өңірден 200-ге жуық бизнес-ханымдар қатысты. Олардың қатарында танымал іскер ханымдар да, өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер де болды.

Іс-шараға Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы  Иманқұлов Н.Н., Түркістан облысы Өңірлік кеңес мүшесі Курбаналиев А.Ж., Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы Боранбаев Н.Қ., «Түркістан» медиа-холдингінің бас директор орынбасары Қалыбай А.П., «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі Естебеков Н.А., Халықаралық туризм және меймандостық университетінің проректоры  Қ.Аралбекова, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, ЖШС Қуаныш директоры – Намазбаева И.Ә., Шымкент қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Асыл Арман» компаниясының директоры  Архабаева А.Н., Түркістан облысы мәслихатының депутаты Тажибаева Г.К. қатысты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылы құрылған. Әйелдер бизнес-қоғамдастығына тәжірибелік қолдау көрсету мен заңдық кеңес беру жұмыстарын тегін атқарып келеді.

 «Мен бүгін форумға облыс орталығынан бизнесвумен ғана емес, аудан өкілдері де келгеніне өте қуаныштымын, өйткені мұндай форум бірінші кезекте оларға қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы мен ҚР «Атамекен» ҰКП қойған міндет – кәсіпкерлікті дамытуға дұрыс серпін беру. Бір кездері көптеген адамдар іскер әйелдер кеңесі осындай маңызды ұйымға айналады деп сенбеді. Бұл жалпы жетістік», - деп атап өтті форум басында Салтанат Тулегенова.

Форум барысында қатысушылар бизнесте орын алып отырған мәселелерді жан-жақты талқылады. Жан басын қаржыландыру, ауылдық жердегі кәсіпкті қаржыландыру, мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялауы секілді көптеген мәселелер қамтылды. Көтерілген мәселелер негізінде Кеңестің алдағы жұмысы бағыты анықталды. Ал облыс Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы  Нұрбақыт Иманқұлов әйел кәсіпкерлердің облысымызда рөлінің зор екенін айтып, өз ризашылығын білдірді.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен барлық өңірлерде ІӘК (іскер әйелдер кеңесі) құрылғаны қуантады. Егер статистиканы алатын болсақ, онда біздің облыста мемлекет тарапынан қолдау алатын мемлекеттік бағдарламалардың әрбір үшінші қатысушысы-бизнес-ханым. Бұл әсіресе мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасына қатысты, оның аясында біздің облыста әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл тұрғыда біз Қазақстанда көшбасшы позицияда тұрмыз. Көптеген жобаларға кәсіпкер әйелдер қатысады», - деп түсіндірді Түркістан облысы мәслихатының депутаты Гүлбахира Тажибаева.

«Бүгінде қыз-келіншектер бизнес деген өте салмақты саланы сәтті игеріп келеді. Оның үстіне әйелдер кәсіпкерлігіндегі дәстүрлі қызмет түрлерін ғана қолға алып қоймады. Іскер әйелдер қатарында ерлердің жұмысы деп саналған бизнес түрін қолға алып жатқандары қаншама?! Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер әйелдердің көбі шақырылғаны қуантады. Бәрімізге белгілі, бизнесті сәтті жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Тек жұмыс істеп, тәжірибе алмасып, қиындықтарға тайсалмау керек. Біздің мақсатымыз – мыңдаған әйелдердің арманының орындалатынына көз жеткізу және гендерлік саясат шын мәнінде жұмыс істейтіндігін дәлелдеу», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директор міндетін атқарушы Аслан Ибадуллаев.

Түркістан қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Абуқызы өңірдегі әйелдер бизнесін дамыту туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол өңірде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның 25% - ын әйелдер басқаратынын, ал жеке кәсіпкерлер арасында үлесі 55% - ды құрайтынын, олар негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біздің қыз-келіншектеріміз өңірлік және республикалық деңгейде жақсы танылып келеді. Әйелдер кәсіпкерлігімен санасуға болатынын сеніммен айта аламыз. Қыз-келіншектердің ісін бастауға қолдау көрсетіп, дамытуына атсалысып отырған Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Тулегеноваға зор алғыс айтамын. Бүгінде өңірдегі әрбір үшінші шағын және орта бизнес әйелдердің бастамасымен ашылып отыр», – деп атап өтті Халықаралық туризм және меймандостық университетінің проректоры  Қарлығаш Аралбекова.

Іскер әйелдер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста Кәсіпкер әйелдер осы бағдарлама аясында балабақша, балалар сауықтыру орталығы және физика-математика мектебін ашты.

«Жоба мақсаты – әйелдерге өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу және бастауыш кәсіпкер келіншектерді қолдау. Біздің міндет – кәсіпкерлікке барынша көбірек қыз-келіншектерді тарту, Оларға Қазақстанның табысты әйелдердің үлгісі негізінде кейстермен таныстыру. Іскер әйелдер форумы –  бұл әйелдердің кәсіпкерлік жобаларын алға жылжыту, қолдау және қолдауға арналған интерактивті орта болып табылады», – деді Бәйдібек ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төраымы Нағима Қырықбаева.

 Бұл жиында іскер әйелдер алда болатын форумды ғана емес, сондай-ақ, бір жылға жұмыс атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады.

«Біз өзімізге өзіміз сауал қойдық: неге осындай іскер біздер бір топқа біріктік? Иа, біз тәжірибемізбен қуана бөлісіп, өтінім бергендерег кеңес беруге дайынбыз. Алайда Кеңестің басты міндеті қандай? Неге біз жұмыстарымздың бәрін тастап, аптасына бір рет осы алаңда жиналамыз? Бізді не итермелейді? Нені көздеп отырмыз? Біз осы сауалдарға жауап беріп, нақты мақатымызды анықтадық.  Біз бір бірімзге көмектесіп,  біріктік, енді 2022 жылдың аяғына дейін басты миссиямызды орындамақпыз – бірімізді біріміз күшейтуіміз керек! Әрқайсымыздың компаниямызда жылдық табыс 30%-ға жету керек. Бұл үшін қолымызда барлық мүмкіндіктер бар, әрқайсымыз өз кәсібімізде білікті де мықтымыз. Сондықтан бізге бірігу маңызды, білгенімізбен бөлісіп, ортамызға өзгелерді де тартпақпыз. Өзгелер бізге тартылған кезде, біздің айтарымыз, бөлісеріміз болады. Арамыздағы әркім мықты жақтарымызды танып, басқа қыз-келіншектерге қалай көмектесу керек екенін анық білетін болады», – деді Созақ ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Тұрмаханова Бибімария. 

Бизнес-форумда өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан іскер әйелдер алғыс хатпен және медальмен марапатталды.

«Форум маңызы жоғары. Бұл іскер әйелдер үшін пікір алмасу алаңы, осында мәселелер көтеріп, ұсыныстар беріп, дамудың бағыттары айқындалады. Жас кәсіпкерлерді ынталандырады», – дейді Шымкент қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева.

 

Форум қорытындысында, өңіріміздің атақты дизайнерлерінің өз қолынан шыққан этно  - үлгіде және заманауи үлгідегі туындылары таныстырылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер