Ұлттық палата және «Самұрық-Қазына» қоры offtake келісімшарт бойынша жұмысты күшейтеді
Ұлттық палата мен Қор бизнес-қоғамдастықтың бірыңғай позициясын әзірлеу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік құжаттарын талқылау жөніндегі жұмыс тобын құрады. ҰКП алаңында мұндай уағдаластыққа «Самұрық-Қазына» Контракт» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу кезінде қол жеткізілді.
ҰКП мамандары offtake келісімшарттарды іске асыру үшін субсидиялау мәселесі бойынша импортты алмастыру саясатын іске асыру шеңберінде «Даму» қорымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс күшейтілетінін айтты.
«Біз анағұрлым тиімді қарым-қатынас, барқатар сұрақ бойынша бірлескен жұмысты күшейту, соның ішінде offtakе келісімшарттар бойынша жұмыстың мүмкін болатын нұсқаларын талқыладық. Бұл жұмысты offtake-келісімшарттарды іске асыру үшін «Даму» қоры мен банк секторын тарту механизмдері тұрғысынан қалай құруға болатынын талқыладық», – деді«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.
Ұлттық палата мамандары Қазақстанда offtake келісімшарттар жаңа өндірістерді іске қосуды қолдау арқылы тиімді жұмыс істейтінін айтты. Келісімшарттың мұндай формасы егер жеткізу көлемін алдын ала келісу болса, сатып алуға кепілдік береді. Өнім беруші жеткізуді сипатиамасы мен кесте бекітілгеннен кейін жүзеге асыруға міндетті. Бұдан басқа, offtake келісімшарт қосымша қамтамасыз ету ретінде әрекет етуі және өндірісті іске қосуға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыру алуға жәрдемдесуі мүмкін.
Сонымен қатара кездесу барысында тараптар «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін «Өрмек» кіші жүйесіне қосымша ақпарат беру үшін «сатып алудың бірыңғай терезесі» порталымен интеграциялауға қатысты қосымша келісімдер жасасу мәселелерін талқылады. ҰКП және Қор өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің «Атамекен» ҰКП берген индустриялық сертификаттарының деректер базасымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс мәселелерін талқылады.
Шара барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерін отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы механимздері бойынша оқыту, сатып алудың жаңа моделі бойынша, алдын ала біліктілік іріктеуден өту, импортты алмастыру бағдарламасы бойынша, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын енгізу, «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілер тізіліміне енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: