«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тау туризмін қолдаушылар Kaz Alpine club-та кездесу өткізді

2022 жылғы 10 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7344 просмотров

Алматыда Kaz Alpine club мүшелері, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, қоғам қайраткерлерімен екі бағыт: Озерный және Ақсу-Северный, сондай-ақ Сарыбұлақ асулары арқылы Ыстықкөлге өту бойынша пилоттық жобаның жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

«Менің ойымша, бұл өте жақсы жоба. Жоба тауларды «жылжытуға» болатынын көрсетті. Егер бұған дейін екі елді таулар бөліп тұрса, енді байалныстырып тұратын болады. Бұл ретте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үлкен рөл атқарды», – деп атап өтті Kaz Alpine club басқарма төрағасы Тимур Дүйсенғалиев.

Еске салсақ, осы жылдың тамызында қазақстандық белсенділер Қазақстаннан Ыстықкөлге тау арқылы өткелін қайта ашты. Тау өткелдерін қайта жаңғырту бастамасы «Kaz Alpine Club» ҚБ және «КАТО» ААҚ (Қырғыз туроператорлар қауымдастығы) тиесілі. Жақында екі топ асулардан сәтті өткерді.

«Тамыздың соңында біз бір топ белсенді азаматтар болып, Көлсай көлінен Сарыбұлақ асуы арқылы Ыстықкөл жағалауына аттандық. Топ мүшелерінің барлығы саяхатты оңай өткерді, көбі бүгін осы конференцияға қатысып отыр.  Бұған дейін 13 жыл бойы  қазақстандықтар үшін жабық тұрған тау жолын ашуға үлес қосқанымыз үшін қуаныштымын. Осы сапарымыздың нәтижесінде таудың әсем табиғаты аясындағы асулармен өтетін маршрут тау туризммен шұғылданатын көптеген адамға қолжетімді болады деп үміттенемін», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 Бұл мәселе ұзақ уақыттан бері Ұлттық палатаның назарында. Осы себепті «Атамекен» ҰКП осы жылдың 26 мамырында жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыстан Республикасының Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесіне трансшекаралық маршруттар арқылы пилоттық сапарды ұйымдастыру мәселесін қосу туралы өтінішті Президент Әкімшілігіне жолдады.

 «Мен бұл жобаны жүзеге асыруға үлес қосқаныма өте қуаныштымын. Тамыздың соңына дейін бұл екі пилоттық жобаны іске асыруу, үйымдастыру жұмыстары басталатыны немесе болмайтыны әлі белгісіз еді. Міне, қолымыздан келді. Мен өте қуаныштымын. Біз бұл тау жорықтарын шынымен қалпына келтіріп, оларды тұрақты етеміз деп үміттенемін. Біз қырғыз әріптестерімізбен, Жогарку Кенеш депутаттарымен сөйлестік. Олар бұл жұмыс біздің халықтарымыздың арасындағы нағыз әдемі көпір болатынына сенеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Биыл 7 шілдеде екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында барлық мүдделі мемлекеттік органдар, депутаттар мен кәсіпкерлердің қатысуымен халықаралық видеоконференция ұйымдастырылды. Бетпе-бет, нақты уақыт режимінде Үкіметаралық келісім жобасының проблемалық мәселелері және пилоттық сапарды сәтті жүзеге асырудағы ықтимал кедергілер мұқият талданды.

 ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерлан Смайлов пилоттық жобалар командалық жұмыспен жүзеге асырылғанын айтты.

«Алматыдағы «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың фейсбуктегі жазбасында КАТО-мен кездесу өткізіп, меморандумға қол қойғаны туралы айтылды. Сол жазбаға комментарийде Елена Ержакович мені белгілеп, Кaz Alpine club көптеген жыл бойы осы пилоттық маршруттармен Ыстықкөлге шыға алмай жатқанына қатысты проблемалар бар екенін атап өтті. Біз Тимур Талашұлымен бірден байланысқа шықтық, барлық материалды алдық, бұл сәуірдің соңы еді. Біз барлық мемлекеттік органмен бірден кеңес өткіздік, алдымен түсінбеушілік мәселелерін шештік. Жұмыла бұл жұмысты шештік», – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерлан Смайлов.

 Маусым-шілде айларында Озерный және Сарыбұлақ асулары бойынша пилоттық өткелдерді ұйымдастыру 2023 жылғы жазғы маусымда бағыттарды ашу және ілгерілету үшін қажеттінің бәрін қамтамасыз ету үшін далалық апробация өткізуді жүргізуге арналған. Kaz Alpine club мүшелері келесі жылға жаңа тау бағыттары бойынша ауқымды жоспарлар құрып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер