Жаңаөзенде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша 17 жоба әзірленді
Жаңаөзен қаласында бизнесті дамытуды ынталандыру және жұмыс орындарын құру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жол картасы» қабылданған болатын. Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылып, жаңа жобалар бойынша отырыс өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова хабарлады.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысы әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы өкімімен Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облысы әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ тобы компаниялары өкілдерінің қатысуымен
жұмыс тобы құрылған.
Олар бизнес-жобаларды алдын ала іріктеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
- 15-маусымда жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Онда Маңғыстау облысының ӨКП ұсынысы бойынша Жаңаөзен қаласында бизнес-жобаларды алдын ала іріктеу бойынша талқыланды. Жұмыс тобының регламентіне жобаның қатысушылары үшін құжаттар тізбесін бекіту, өндірістік базаны жасақтау, технологиялық жабдықты тексеру актілерін әзірлеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, - деді Аққу Айтжанова.
Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырысында Жаңаөзен қаласында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді шарттар жасасуды пысықтау үшін 17 жоба қаралды.
Жобалардың бұл тізімі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ға жіберілді. Ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу жағдайында осы жобаларды іске асыру 696 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: