«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысындағы өрттен 4 дәмхана бүлінді

2022 жылғы 05 Қыркүйек
6616 просмотров

«Атамекен» ҰКП жанындағы штабтың мәліметінше, Қостанай облысында өрттен бүлінген 4 нысан туралы мәлімет бар.

Меншік иелері шамамен 40 млн теңге залал келгенін болжап отыр.

Қазір эвакуация және нысан иелерінің болмауына байланысты залалды бағалау процесі қиын, өрттен зардап шеккен бизнес субъектілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы

Ұлттық палата кәсіпкерлерді өздерінің кәсіпорындарына тек қауіпсіз болған жағдайда барып, бүлінген нысанды фото-видеоға түсіруді сұрайды. Кейін бұл мәлімет шығынды өтеу үшін қажет болады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының маманы Қостанай облысындағы жедел штабтың құрамында кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Ұлттық палатаның Әулиекөл ауданындағы филиалының директоры уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды және волонтер, кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінен келетін күштердің, өрт сөндіруге, халықты эвакуациялауға, тамақпен қамтамасыз етуге тартылған әскери қызметшілердің жұмысын үйлестіруге көмектеседі.

Айта кетейік, Ұлттық палата зардап шеккендер туралы мәлімет жинау мен төлемдерді ұйымдастыру үшін «Күшіміз бірлікте» қорымен келісім жасады.

«Қазір отандастарымыз, әріптестерімізге қолдау көрсету өте маңызды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен бизнес туралы ақпарат жинау штабын ұйымдастырды. Бизнес өкілдерін зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша қаржылай көмек беруге шақырамыз», – деді Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» зардап шеккен бизнесті қолдау қорының төрағасы Максим Барышев.

«Күшіміз бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қорының реквизиттері:

  «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі,

БСН 220140002583;

«Банк ЦентрКредит» АҚ есеп-айырысу шоты: KZ268562203115072353;

«Банк ЦентрКредит» АҚ реквизиттері:

БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX

БСН/БИН 980741000260

Сонымен қатар өрттен зардап шеккендер және көмек берем деуші азаматтар ҰКП байланыс орталығына 1432 және ӨКП қызметкерлеріне хабарласа алады: + 7 777 037 77 78 , +7 705 153 91 07, +7775 963 10 00.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер