«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда заңсыз тексерулердің жойылуына байланысты 80-нен астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

2022 жылғы 01 Қыркүйек
- Атырау облысы
10878 просмотров

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығымен өткен жұмыс кездесуінде айтылды.

Прокуратура органдары өзара іс-қимыл Жол картасы аясында «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын алдын алу және қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп отыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда ғана экономикалық салада қозғалған қылмыстық істер 30 пайызға азайған. Ағымдағы жылдың 5 айында тіркеу 48%-ға төмендеген.

Алайда, реттеу-бақылау қызметі саласында заңсыз тексерулер тағайындау және жүргізу фактілері бары анықталды.

«2022 жылдың 7 айында тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі жүйесінде 1787, сондай-ақ профилактикалық бақылау мен қадағалау бойынша 828 тексеру тіркелген. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері – 178, микро – 71, орта – 301 және 504 – ірі кәсіпкерлікке қатысты. Тіркеуден бас тарту арқылы бөлім 42 заңсыз тексерудің жолын кесті, ұсынылған 22 прокурорлық қадағалау актісі бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік, 5 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде облыстың 80-нен астам кәсіпкерінің құқығы қорғалды», - деп Құқықтық статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің басшысы Ғалымжан Құсан мәлімдеді.

Өздеріңізге белгілі, өткен жылдың желтоқсанында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асыру туралы Заңға қол қойды. 
Соған сәйкес барлық мемлекеттік органдардың реттеу және бақылауы Экономикалық Ынтымастық және Даму Ұйымының дамыған елдерінің тәжірибесіне негізделген жаңа қағидаттар бойынша жүзеге асырылатын болады.

«Бүгінде экономика салаларына қойылатын талаптар толықтай қайта қаралуда. Тексеру нысанасының бірыңғай тізілімі құрылады. Мысалы, жаңа талап қоюдың орнына, бұрынғы басқа да көптеген өзгерістерді қысқарту керек. Кәсіпкерлік қызметті бақылау бөлігінде мемлекеттік органдардың әдістерін жетілдіру адал кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деп қосты Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы мен «Атамекен» ҰКП басшылығының соңғы нұсқаулары аясында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мен қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға келісті. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер