«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саяхатшылар тобы 13 жылда алғаш рет Сары-бұлақ асуынан өтті

2022 жылғы 28 Тамыз
7113 просмотров

Тау жолдары арқылы сапар  26 шілдеде Көлсай көлдерінен басталған, екі күненн кейін қатысушылар Қырғызстан Республикасында Ыстық көлге жетті

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері қатысқан топ Көлсай-1 көлінен шығып, 8 шақырым жолды еңсеріп, Ыстықкөлге екінші болып жетті.

«Көлге дейін жақсы қарқынмен жүрдік. Алғашқы бөлікті 2,5 сағатта жүріп өттік. Суға малшындық, киіміміз де ылғал болды. Көлсай-2 жерінде түнеп, таң ата асуға бет алдық», – деп әңгімеледі «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

27 шілдеде таңғы сағат 7-де трекингке қатысушылар Көлсай көлінің жоғары асуынан (2640 км) 390 м биіктікте жүріп өтіп, Сарыбұлақ асуынан асты (3275 м).

«БІзді асуда Қырғызстан шекара қызметінің жұмысшылары қарсы алды. Асудан Балбай ауылына түстік. Екінші күні 8 сағатта 20 шақырым жүріп өттік. Қатысушылардың бәрі жолды жақсы көтерді, ешкім жарақат алмады», – деп жалғады Мақсат Қиқымов.ээ

Бүгін бұл топ Ыстық көлде тағы бір команданың қатысушыларымен кездесуі керек, ол топ 25 тамызда бағытын Үлкен Алматы көлінен бастаған. Олардың бағыты Көлді (3520) және Солтүстік Ақсу асулары арқылы жалғасады.

Бұл бағыттар 2009 жылдан бері бірқатар мәселе бойынша жабық тұрды: Қырғыз Республикасы гидтерінің жұмысына тыйым салынған, сонымен қатар Қазақстанда туристік көлікке шектеу қойылған. «Атамекен» ҚР ҰКП, бизнес-қоғамдастық, ұлттық қауіпсіздік комитеті, екі ел мемлекеттік органдары, мәжіліс депутаттарының бірлескен жұмысының  арқасында асудан өтуге мүмкіндік туды. 

«Бұл тауға шығуды жақсы көретіндерге де, екі елдің туризмін дамыту үшін де айтулы оқиға. Енді трекингтен басқа, атқа міну, маунтинбайкингті дамыту, марафондар өткізуге мүмкіндік жасалады. Біз екінші маршрутты байқау, маршрут бойынша қандай қауіпті аймақтар барын анықтау үшін Сарыбұлақ өткелі арқылы аттандық. Тау жолдарын оңай өткеріп, келер жылдан бастап осы екі маршрут бойынша туристер де келіп дем алады деп үміттенеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Көлді және Сары бұлақ асулары арқылы алғаш жүріп өтуді маусым-шілде айларына ұйымдастыру 2023 жылы жаз маусымана бағыт ашу мен жүріп өтуге қажетті шараларды қамтамасыз ету үшін далалық сынақ жүргізуге арналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер