«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлік прокуратурасы ҰКП көтерген мәселелер бойынша ҚТЖ тарапынан бұзушылықтарды анықтады

2022 жылғы 26 Тамыз
7463 просмотров

Ұлттық палата Бас көлік прокуратурасымен кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қорғау бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде Ұлттық темір жол тасымалдаушысының тасымалдау процесіне қатысушыларға қатысты қолданатын шараларының заңдылығы туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Екі проблема бойынша бұзушылықтарды жою туралы өкім Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шығарылды. Бұл туралы прокуратура өкілдері «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы теміржол көлігі жөніндегі қосалқы комитетінің отырысында хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 тасымалдаушы мен экспедитор арасында үлгілік келісімшарт жасасу туралы бұйрығы орындалмай отыр. Нормативтік құқықтық актілердің нормаларын елемеуіне байланысты экспедиторлар қосымша қойылған шарттармен келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр болады:

 -тасымалдау төлемдерінің 100%-ға қосымша 5 күндік алдын ала төлемін қамтамасыз ету;

- ұлттық тасымалдаушының бірыңғай жеке шотынан қаражатты акцептісіз есептен шығаруға келісімі.

«Бір экспедитордың алдын ала төлемі оның бұрынғы тасымалдау айналымына байланысты 10 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін, тағы біреуінде 500-700 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл жайт экспедиторға қосымша қаржылық жүктеме салады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП мамандары.

Барлық экспедитордың 5 күндік алдын ала төлемінің жиынтық мөлшері тәулігіне шамамен 5,5 млрд теңгеге жетуі мүмкін, бұл қаражат шоттарда жатуға міндетті.

Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы конвенциялық тыйым салуды енгізу жолымен бәсекелестікке қарсы жағдайлар жасады. 2022 жылдың мамырында «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС Алтынкөл және Алтынкөл-экс станцияларына тағайындалған бос жеке фитингтік платформаларды қабылдауға мерзімсіз конвенциялық тыйым салды. Тыйым барлық жүк алушыға салынды. Алайда бұл тыйым ҚТЖ – ның еншілес тәуелді компаниялары – «ОТЛК ЕРА» АҚ, «KTZ Express» АҚ және «Кедентранссервис» АҚ-на қолданылмайды. Прокуратураның нұсқамасында қызметі теміржол көлігінің үздіксіз жұмысына байланысты болатын кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесін қозғай отырып, ҚТЖ өз өкілеттігінен асып түскені көрсетілген.

 «Атамекен» ҰКП мамандары жақын арада түйткілді мәселелер реттеліп, квазимемлекеттік сектор тарапынан кедергі келтіру праткиасы жойылады деп үміттенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер