«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экотуризм саласындағы мәселелер талқыланды

2022 жылғы 23 Тамыз
4681 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында кәсіпкерлер және мемлекеттік органдардың өкілдері нарықты толғандыратын овертуризм, туристік ағындарды реттеу, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді абаттандыру және парктерде көліктердің қатынасын іске қосу мәселелері талқылады.

 «Ішкі туризм жақсы дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Демалыс орындары дамып, жолдар жөнделіп жатыр. Әзірге туристер ең көп баратын жерлер: Алматы облысындағы Шарын шатқалы, Көлсай көлі, сонымен қатар Алакөл, Бурабай. Тасжолдарда санитариялық тораптар салу мәселесі шешіліп жатыр, бірақ барлық өңірде қоқысты шығару және интернеттің болмауы сынды проблемалар бар», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Туризм саласы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.

Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев елімізде экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жобаны таныстырды. Маман соңғы жылдары ұлттық саябақтарға келген туристер саны біртіндеп өсіп келе жатқанын атап өтті. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы өсім 40%-ды құрады. (2020 ж. – 892 мың адам, 2021 ж. – 1480 мың адам), 2021 жылы инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 14%-ға артты (2020 ж. – 900 млн теңге, 2021 ж. – 1027 млн теңге).

 «Алдағы уақытта туризмнің белсенді дамуы және ұлттық парктерге келушілер санының артуы болжанып отыр. Табиғатты сақтау қағидаттарын ескере отырып, қонақтарға жайлы жағдай жасау міндеті тұр», – деді Данияр Тұрғанбаев.

Сонымен қатар, рекреациялық жүктеме мәселелері бойынша проблемалар бар. Мысалы, Көлсай көлінде барлық туристер 7 маршрут бойынша біркелкі бөлінудің орнына бір нүктеге жиналады.

 «Ұлттық парк аумағында бірқатар маршруттар абаттандырылмаған.  Кафелер, дәрітханалар мен қонақүйлердің болмауы басқа орындарға баруға мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан келушілер жағдай қарастырылған бір нүктеге шоғырланады. Аумақты абаттандыру қажет», – деді Ұлттық туризм и нндустриясы қауымдастығының президенті Раушан Шамиль.

Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова пилоттық жобада Көлсай көлдеріне туристердің келу есебін автоматтандыру іске қосылғанын, сондай-ақ күніне келушілердің ықтимал саны көрсетілетін сайт әзірленетінін хабарлады:

«Адамдар Ұлттық паркке сапарын алдын ала жоспарлай алатындай сайт пен мобильді қосымша әзірлеу жоспарланған. Осы қосымшалар арқылы саябаққа бару билеттерін сатып алудың американдық жүйесі енгізіледі. Егер, мысалы, бүгін туристер ағыны рұқсат етілген саннан асып кетсе, онда келем деушілер билетті осы күнге сатып ала алмайды. Тура кинотеатр принципі қолданылады».

Сонымен қатар, қоқысты шығару және қайта өңдеу, мемлекеттік ұлттық саябақтардағы экологиялық жағдай – күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. ҚР балалар-жасөспірімдер туризмі және демалыс қауымдастығының басшысы Қайрат Сұлтанов  Ұлттық парктерді дамытудың бас жоспарында 3 айға есептелген қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау қоймаларын қарастыруды ұсынды.

Спикердің айтуынша, табиғи ұлттық парктерді абаттандыру кезінде кәсіпкерлер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 40-бабының шектеулеріне тап болады:

 «Қатты отыннан газға көшуге қатысты талап-тілек бар. Бірақ сұйытылған газ баллондарын орнату кезінде проблема туындайды. Заңға сәйкес, табиғи қорықтарда жолдар, құбырлар, электр желілері мен интернет құрылысына тыйым салынады. Көптеген туристік нысанда тұрақты pos терминалын қосу үшін интернет жоқ».

«Шарын» және «Алтын Емел» ұлттық парктерін дамыту жобасының жетекшісі Жәнібек Әлкеев туристік нысандарды электр және сумен жабдықтау мәселесін көтерді.

«Өз есебінен Шарыннан болашақ визит-орталығына дейін және Алтынемелде №1 бекетке дейін электр беру желілері жүргізілді. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілді, бірақ, өкінішке қарай, министрлік пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған шығыстарды өтеудің механизмі жоқ. Бұл туризмді дамыту үшін тежеуші фактор болып отыр», – деп атап өтті спикер.

 Кеңес қорытындысы бойынша Юлия Якупбаева халықты қазіргі локациялар туралы ақпараттандыру, жергілікті атқарушы және орталық органдармен гидтерді оқыту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ, вице-премьердің қарауына Ұлттық парктерді медициналық пункттермен жабдықтау, сондай-ақ инфрақұрылым салу және АКТ салу мен өткізуге арналған шығыстарды өтеу мәселелерін шығару ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер